Бүгінгі таңда 83 жылдан астам тарихы бар өнердің қара шаңырағыАлматы Мемлекеттік қуыршақ театры 2018 жылдың 4 қазан күні сағат 18:00-де салтанатты түрде кезекті 84-ші маусымын ашады. Аталмыш мереке театр артистерінің қатысуымен театр фойесінде Еркебұлан Қабдоловтың режиссерлігімен сахналандырылған көрініспен бастау алады.
Театр ұжымы өнер мерекесінде бүлдіршіндер мен ересектерге арналған екі қойылымның тұсауын кесіп, көрермен назарына ұсынуды жоспарлауда. Аталмыш күні таңғы сағат 12:30-да бүлдіршіндер режиссер Антон Зайцев сахналаған «ВРЕМЯ ХРАБРЫХ» музыкалық қойылымын тамашаласа, кешкі сағат 18:30-да ересектер мен зиялы қауым назарына алғаш рет қуыршақтар бейнесінде Еврипидтің «МЕДЕЯ»трагедиясы жол тартпақ. Қоюшы-режиссері – Шығыс Қазақстан облыстық Жастар театрының көркемдік жетекшісі Айдын Салбанов, суретшісі – Алтынай Жүсіпәлі.
Медея – махаббат үшін басын қатерге тіккен жан. Ясонның құлы болуға, құрбаны болуға әзір еді. Ессіз сүйген ғашығынан да дәл осындай сезім күтті. Суымайтын, жалынға толы махаббат тіледі. Алайда... Медея қасіреті – бүгіннің емес, барлық замандар мен дәуірлердің қасіреті. Маxаббатқа құл болған Медеяның мұңы мен қайғысын әр көрермен тап жанында тұрып сезінуі тиіс. Жер шарының түкпір-түкпірінде сахналанған әлемге аты мәшһүр бұл қойылым Мемлекеттік қуыршақ театрының сахнасында жаңа заман махаббатын, қоғам тынысынан сыр шертіп, өзгеше әсер сыйлары анық.
83-ШІ МАУСЫМ ЖЕТІСТІКТЕРІ:
Мемлекеттік қуыршақ театры– республика тарихындағы тұңғыш қуыршақ театры. 1935 жылы ашылған театр ордасы таяқ қуыршақтан бастап бүгінгі заман ағымына сай күрделі марионеткалармен қатар соңғы үлгідегі теxникалық-лазерлі көркемдеулермен жабдықталған.Бүгінде ұлттың руxани қажеттілігін өтеп отырған 83 жылдық тариxы бар өнер ордасының алға қойған бағыты мен бағдары айқын. Ол – қазақтың қуыршақ театры өнерін өркендету, кешегі мен бүгінгі өмір арасын өнердің биік шыңы арқылы шынайы көрсете білу. Елімізде және шет елдерде өткен республикалық,халықаралықтеатр фестивалдерінде топ жарып жүрген өнер ошағының репертуарлық саясатының ауқымы кең.
Жаңашылдыққа жаны құмар сахнаның бұл саласы, жалпы театр өнеріне жүктелер қоғамдық салмақты тең тұрғыда көтеріп келе жатқандықтан, қуыршақ театрының қоғамдағы маңызының зор екендігі әлдеқашан дәлелденген. Өнер ошағы әлемдік шығармаларды ана тілімізде сахналауымен қатар, талантты артистер мен қуыршақ шеберлерінің, режиссерлердің, суретшілердің бірнеше толқынын тәрбиелеп шығарды.83-ші маусым театр үшін ерекше шығармашылыққа толы жылдың бірі болды. Өнер ордасы кезекті еңбек демалысында 83-ші маусымын жаппастан үздіксіз жұмыс атқарып, өз көрермендерін күнделікті қойылымдарымен қауыштырды. Маусым барысында 4 мемлекетке жолдама алып, төменде көрсетілген халықаралық театр фестивальдеріне қатысты:
· Өнер ордасы 83-ші маусымын «Ана жүрегі» (авт. А.Инов, реж. А.Зайцев) драмасының премьерасымен ашты;
· 2017 жылдың қазан айының 19-27 аралығында Түркия мемлекетінің Анкара қаласында өткен III Халықаралықтеатрлар фестиваліне республикамыздың атынан қатысты. Фестиваль барысында театр ұжымы көрермен назарына «Қуыршақ думан» (авт. әрі реж. С.Шүкіров, Қ.Ешмұратова) және «Арыстанның үрейін қалай емдейміз?» (авт. М.Дългечев, реж. Э.Тотева-Андотова) қойылымдарын ұсынды;
· 2017 жылдың 18 желтоқсанында театрымыздың ардагер актрисасы, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі С.Абуеваныңмерейлі 70 жасы, сахнадағы еңбек жолына 50 жыл толуына орай арнайы мерекелік бенефис өтті;
· 2017 жылдың 20 желтоқсанында көрермен назарына жаңа жылдық «Аква ертегі» (авт. А.Сергеев, реж. О.Ақжарқын-Сәрсенбек)ертегісінің премьерасы ұсынылды;
· А.ж. ақпан айының 1-15 күндері аралығында театр Алматы қаласында өткен V Халықаралық «Откровение» орындаушылық өнер фестиваліне тұңғыш рет қатысты. Ұлыбритания, Германия, Франция, Ресей, Өзбекстан, Қазақстанның үздік драмалық қойылымдарының арасында өткен додада 2 ақпан күні фестиваль қонақтары мен көрермендері, халықаралық сарапшылар назарына театр репертуарындағы «Ана жүрегі» (авт.Е.Ионов, реж.А.Зайцев) драмасын ұсынды;
· Театр ұжымы ақиық ақын, қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген Мұқағали Мақатаевтың туған күнінен орай ақпан айының 6-9 күндері аралығында театр репертуарындағы ақынның поэзиясына құралған «Мен деп ойла...» (авт.М.Мақатаев, реж.М.Тәуекелова) поэтикалық қойылымын көрермен назарына ұсынып, мектеп, колледж, ЖОО студенттері арасында дәстүрлі түрде өткізетін «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр» атты ақын өлеңдерін мәнерлеп оқудан және ақынға шығарған арнау өлеңдерінен сайыс өткізді;
· Ақпан айының 27-28, наурыз айының 1-2 күндері аралығында Мемлекеттік қуыршақ театрының сахнасында адамзаттың Айтматовына айналған Шыңғыс Төреқұлұлы Айтматовтың «Құс жолы» повесінің желісі бойынша саxналанған «Ана-Жер ана»(реж. Д.Жұмабаева) трагедиясының премьерасы өтті. Жаңаша форматта жаңашыл режиссерлік, актерлік шешімін тапқан қойылым жазушының суреткерлік қырын өнер сүйер жанға өзгеше сипаттады.;
А.ж. наурыз айының 15 мен 18 күндері аралығында 21 наурыз – Халықаралық қуыршақ театры күніне орай театр қабырғасында алғаш рет «Қуыршақтар шақырады – 2018» театрішілік фестивалі өткізілді. Фестивальдің басты мақсаты – театр репертуарындағы 2017-2018 жылдар аралығында саxнаға жол тартқан қойылымдарды саралай отырып, қуыршақ өнерінің қоғамға әсер-ықпалын арттырып, дәстүрлі ұлттық қуыршақтарымызды жаңғырта түсу арқылы жас ұрпақты ізгілік идеяларына тәрбиелеу. Қуыршақ театры өнерінің дамуы жолында көркемдік-эстетикалық ізденіс көкжиегін кеңейту. Фестиваль аясында кәсіби сарапшылар мен көрермендер назарына театр репертуарынан 7 қойылым және театр артистерінің өзіндік жұмыстары ұсынылып, спектакль соңында талдау жасалынды. Фестивальдің негізгі бағдарламасымен қатар театртанушы, өнертану кандидаты Е.Жуасбектің «Қазақ қуыршақ театры» атты кітабының тұсаукесері өтті. Аталмыш еңбекте қазақтың мемлекеттік қуыршақ театрының 1935-1992 жылдар аралығындағы алпыс жылдық шығармашылық тарихы жылнамалық тәртіппен жазылған. Жинақта табиғаты бөлек қуыршақ өнерінің қазақ фольклорында қолданылуын, сахналық мақсатын, жасалу жолдарын сипаттайды және архивтік материалдар арқылы театрдың өсу-өркендеу жолы кеңінен зерттеліп, кезеңдік спектакльдер, актерлік, режиссерлік табыстары сөз болады. Үш бөлімнен тұратын кітап – өнер қауымына, театр сүйгіш қалың оқырманға арналған;
· А.ж. наурыз айының 15 күні драматург Е.Жуасбектің «Тоба» ертегісінің (реж. Ж.Жұманбай) премьерасыкөрермен назарына ұсынылды;
· Наурыз айының 27 күні Халықаралық театр күніне орай, Қазақстан театрлар Ассоциациясының ұйымдастыруымен жылдың үздік театр майталмандарын «Сахнагер – 2018» Ұлттық театр сыйлығымен марапаттау рәсімі өтті. Биылғы шараға елеміздегі драмалық театрлар арасында алғаш рет қатысқан Мемлекеттік қуыршақ театрының артистері үш бірдей номинацияны еншілеп, сыйақыларға ие болды:
– қуыршақ театрлары арасындағы«Ең үздік актер» номинациясын актер Болат Момынжанов;
– «Сахналық ғұмыр» номинациясын – Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, театрымыздың жоғары дәрежелі ардагер актрисасы Абуева Сәбила Меңдіғалиқызы;
– «Үміт» номинациясын – театрымыздың жас әрі талантты актрисасы Сақтағанова Арай Құдайбергенқызыиеленді;
· Дәстүрлі қуыршақ өнерін жаңғыртып, жас ұрпақты ізгілік идеяларына тәрбиелеу жолында еңбек етіп жүрген қуыршақ театрының ұжымы биыл жыл басы, жаңару мен жасарудың, береке-бірліктің мейрамы – Әз-Наурызды ерекше тұрпатта атап өтті. Бір ай көлемінде тойлату мақсатында ұйымдастырылып отырған ұлттық мерекеміздің аясында өнер ордасы 14 сәуір күні, сағат 20:00-де «Мың бір түн» ертегісінің желісі бойынша А.Зайцевтің режиссерлігімен «Наурыздың сиқырлы түні» атты мерекелік жаңа қойылымды көрермен назарына ұсынды. Шараның басты ерекшелігі – күн батып, іңір басып, кеш қонғанда театр ауласына екі бірдей қазақ ауылдарының қоныс құрып, цирктен, «Алатау» дәстүрлі өнер театрынан сиқырлы өнерпаздардың келуі болды. Кеште «Қазақ ауылы» мерекелік қойылым ұсынып, ұлттық құндылықтарымызды дәріптесе, «Шеберлер» ауылының кейіпкерлері сан түрлі аспаптарда ойнап, зергерлік бұйымдардың жасалу жолдарын көрсетіп, шеберлік сағаттарын өткізумен қатар, жәрмеңке де ұйымдастырды.Театр ішінен бастау алған шара, ауладағы қазақ ауылында жалғасын тапқаны мерекеге келген қонақтарымызды бей-жай қалдырмағаны анық;
· Мемлекеттік қуыршақ театры еліміздің батыс өңірінде сәуір айының 19-23 күндері аралығында Ақтөбе қаласы, 24 сәуір мен 06 мамыр күндері аралығында Орал қаласы және аудандарында кезекті гастрольдік сапарын өткізді. Ақтөбе, Орал қаласының тұрғындары мен қонақтарына театр ұжымы театр репертуарындағы «Арыстанның үрейін қалай емдейміз?» (авт.М.Дългачева, реж.К.Андреева), «Қуыршақ думан» (авт. әрі реж. С.Мақұлбеков, Қ.Ешмұратова) қойылымдарын ұсынды;
· Сәуір айының 20-22 күндері аралығында Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық қазақ драма театрының ұйымдастыруымен Қазақстанның Халық жазушысы Тахауи Ахтановтың 95 жылдығына арналған III Халықаралық «БАЛАУСА» экспериментальды қойлымдар фестиваліне Мемлекеттік қуыршақ театры заңғар жазушы Ш.Айтматовтың «Ана – Жер ана»(реж. Д.Жұмабаева) қойылымымен қатысты. Тұтас халықтың қиян-кескі соғыс уақытында шеккен зардабын, жетімдік пен жесірліктің ауыртпалығын сезіндіретін қойылым Ресей мен Қазақстанның таңдаулы қойылымдарының арасында додаға түсіп, фестивальдің сарапшылары мен қонақтары, көрермендердің жоғары ықыласына ие болды. Фестиваль қорытындысы бойынша театрдың жас актрисасы Д.Иса спектакльдегі «Әлиман» ролі үшін «Ең үздік дебют» номинациясымен марапатталды;
· Өнер ордасы бүгінде жоспарға сай спектакльдердің көрсетілімінен тыс, театрдың шығармашылық тынысын шыңдауда әр түрлі театрішілік іс-шараларды өткізуді дәстүрге айналдыруда. Соның бір көрінісі ретінде 27 мамыр күні театр ұжымы 21 мамыр – Мəдениет жəне өнер қызмеркерлер күніне орай алғаш рет өнер ордамыздағы киелі өнер табыстырған өнерлі отбасыларының басын бір арнаға біріктіріп, «Бақытты отбасы» аттытеатрішілік отбасылық сайысын өткізді. Шараның басты мақсаты – отбасы құндылықтарын кеңінен насихаттау. Жанұя тəрбиесіндегі қағидаларды негізге ала отырып ұйымдастырылған бұл шара келешек ұрпаққа берер тəрбиесі, алар тағылымы мол деп танимыз;
· 1 маусым күні өнер ордасы балғын бүлдіршіндеріміз үшін ең қуанышты мереке 1 маусым –Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында «Мен бақытты баламын!» атты мерекелік бағдарлама мен әлеуметтік жағдайы төмен, мүмкіндігі шектеулі балаларға қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Іс-шараның мақсаты – жас ұрпақтың санасына мейірімділік, сүйіспеншілік ұғымдарын қалыптастыру. Сондай-ақ, әлеуметтік жағдайы төмен балаларға көмек көрсету, жасөспірімдерді кішіпейілділікке, бауырмалдыққа баулу;
· Сондай-ақ, 1 маусым күні бүлдіршіндер назарына «Бауырсақ» ертегісінің желісі бойынша сахналанған «Арман әлемі» (реж. Н.Көшербаев) қойылымыныңпремьерасы ұсынылды;
· Алматы Мемлекеттік қуыршақ театры маусым айының 16-17 күндерінде өскелең ұрпаққа құрақ көрпенің маңыздылығын жеткізе отырып, көпшілік көрермен қауыммен бірге ұлттық кодымыздың жаңғыруына үлес қосу турасында «QURAQ QÓRPE» акциясын жалғастырды;
· А.ж. 23-24 маусым күндері ару қала Алматының Астана қаласындағы мәдени күндері аясында Мемлекеттік қуыршақ театры кезекті гастрольдік сапары өтті. Негізгі бағдарлама бойынша өнер ұжымы 23, 24 маусым күндері сағат 10:00-де Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрының сахнасында кішкентай бүлдіршіндер назарына әсем саз бен әуезді әнге құралған «Арыстанның үрейін қалай емдейміз?» (авт. М.Дъячева, реж. К.Андреева), ал ересектерге сағат 14:00, 15:00-де Этноауыл ұлттық-мәдени кешенінің сахнасында поэзияның шыңына жеткен М.Мақатаев жырлары арқылы театр артистері қуыршақтармен бірге өмірді сүюдің ғажайып үлгісін көрсететін «Мен деп ойла...» (реж. М.Тәуекелова) қойылымын ұсынады. Сондай-ақ, 23 маусым күні сағат 19:00-деҚ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрының сахнасында заңғар жазушы Ш.Айтматовтың «Құс жолы» повесінің желісімен сахналанып, қатпарлы парақтардан киелі сахнаға қуыршақтар бейнесінде жол тартқан «Ана – Жер ана» (авт. Ш.Айтматов, реж. Д.Жұмабаева) трагедиясы, 24 маусым күні сағат 19:00-де қаншама ғасыр ағыны өтсе де, өмірдің кілтін ұстап, құндылығын жоғалтпаған бүгінгі таңдағы ана мен бала байланысын суреттейтін «Ана жүрегі» (авт. Е.Ионов, реж. А.Зайцев) қойылымы көрермен назарына ұсынылды;
· А.ж. 1 шілде күні Астана қаласында Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Құралай Ешмұратова атындағы «ҚҰРАЛАЙ» II Халықаралық қуыршақ театрларының фестивалі басталды. Аталмыш өнер мерекесіне Ресей, Түркия, Эстония, Тунис, Сербия, Италия, Польша, Бельгия, Босния және Герцеговина елдерінің қуыршақ театрлары, сондай-ақ Қазақстанның атынан Мемлекеттік қуыршақ театры қатысып, театр директоры, мәдениет қайраткері Талғат Есеналиев бастаған ұжым өнер мерекесінің салтанатты шеруінен өтіп, фестиваль шымылдығын театрымыздың репертуарындағы Қ. Ешмұратованың режиссерлігімен саxналанған «Қаңбақ шал» ертегісі ашты. Фестиваль соңында театр ұжымы ұйымдастырушылар тарапынан дипломға және естелік сыйлыққа ие болды;
· Шілденің 7 күні театр ұжымы елордамыз Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай «Астана – балалар көзімен» атты бас қаланың заманауи сәулет өнерінің жауһарларын қағаз бетіне түсіруден, Астанаға арнап өлең айтып және әсем ән салудан көрермендер арасында сайыс ұйымдастырды. Бүлдіршіндер бұл сайыста өзінің танымдық қасиеттерін ашып қана қоймай, мерейтойға өз үлестерін қосты. Шараның басты мақсаты – балалардың бойындағы патриоттық сезімін оятып, оны шығармашылықпен ұштау;
· Шілде айының 24 күні сағат 12:00-де Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінде «Мемлекеттік қуыршақ театры» КМҚК директоры, мәдениет қайраткері Т.Есеналиев республикалық БАҚ қызметкерлері алдында «Қуыршақ өнерінің қоғамға әсері, дәстүрлі, ұлттық қуыршақтарды жаңғырту мақсатында 2018 жылдың I жартыжылдығында атқарылған жұмыстар» тақырыбында брифинг өткізді;
· 22 тамыз күні Алматы Мемлекеттік қуыршақ театрының ардагер артистері, ҚР мәдениет қайраткері Г.Ілиясова мен Е.Жүнісова және театр директоры, ҚР мәдениет қайраткері Т.Есеналиев «Алтын қыран» Республикалық білім дамыту және мәдени шығармашылық орталығы атынан ҚР білім және мәдениет саласындағы үздік қызметкерлердің «Алтын кітап» атты республикалық энциклопедиялық жинағына еніп және мәдениет саласында жеткен нәтижелі жетістіктері мен үздік қызметтері үшін «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды;
· Мемлекеттік қуыршақ театрының ұжымы а.ж. қыркүйек айының 23-26 күндері аралығында Ақтөбе облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, Ақтөбе облыстық «Алақай» қуыршақ театрының ұйымдастыруымен өткен «Ассалаумағалейкум – V» Халықаралық қуыршақ театрлары фестиваліне театр репертуарындағы «Ана жүрегі» (авт. А.Ионов, реж. А.Зайцев) драмалық қойылымымен қатысып, «Ең үздік спектакль» номинациясын иелене отырып, «Гран – приді» жеңіп алды. Сондай-ақ, аталмыш қойылым 2019 жылдың маусым айында Ресей Федерациясы Санкт-Петербург қаласында өтетін «КУКART»Халықаралық қуыршақ театрлары фестиваліне жолдама алды.