Ертегілер әлеміне құштар, ізгілікке сенетін кез келген адам Қуыршақ театрының билеттерін алуға асығады. Мұнда адамның жасына қатысты шектеу жоқ. Театрға келуші әр қойылымнан өзі іздеген жан тыныштығын табады, ерекше көңіл күйге бөленеді! Балалар әлемі ең көңілді, ең шынайы әлем! Ал қоғам осындай тазалыққа құштар!

«АНА-ЖЕР АНА» ТРАГЕДИЯСЫ - ҚУЫРШАҚТАР БЕЙНЕСІНДЕ АЛҒАШ РЕТ САХНАЛАНБАҚ!

20 Ақпан 2018

Алматы Мемлекеттік қуыршақ театры көрнекті жазушы, қоғам және мемлекет қайраткері Шыңғыс Төреқұлұлы Айтматовтың 90 жылдық мерейтойына орай, ағымдағы жылдың ақпан айының 27-28, наурыз айының 1-2 күндері аралығында сағат 17:00-де «Құс жолы» повесінің желісі бойынша сахналанған «АНА-ЖЕР АНА» трагедиясының ПРЕМЬЕРАСЫН көрермен назарынаұсынбақ.Қойылым режиссері– Дина Жұмабаева. Спектакльдің суретшісі– Юлия Чернова, хормейстері– Ғалымжан Берекешов, балетмейстері– Гүлжан Дәулетқұлова.  

Олар сұм соғыстың жолында жастық шақтарын, асқақ армандарын, тулаған қызуы мен балауса ажарын берді. Құлаған қайың қайта көктеп, тапталған егін қайта жайқалып жер жазасы жазылса да, сол жолда құрбан болғандар қайтып келмеді...

Ел басына түскен ауыртпалықты бір отбасының тағдырымен суреттеген заңғар жазушы Шыңғыс Айтматовтың «АНА-ЖЕР АНА»трагедиясының кейіпкерлері алғаш рет қуыршақ бейнесінде Алматы Мемлекеттік қуыршақ театрының саxнасында көрерменге жол тартып, үн қатпақ.Ана – мәңгілік символы! Төрт бірдей азаматын Жер ананың қойнауына тапсырған Толғанай бейнесі қойылым барысында көрерменді төзімділікке, сабырлық пен қайсарлыққа шақырады.

Адамзаттың Айтматовына айналған Шыңғыс Төреқұлұлының «АНА-ЖЕР АНА» трагедиясы еліміздің бірнеше драмалық театрларында сахналанып, әйгілі Әзірбайжан Мәмбетовтың режиссерлік қолтаңбасындағы нұсқасы Мемлекеттік сыйлыққа ие болғаны баршамызға мәлім. Бүгінде арада қанша жыл өтсе де, өзектілігін жоғалтпаған классикалық шығармаға дарынды режиссер Дина Жұмабаеваекінші тыныс сыйлап, жаңаша форматта режиссерлік, актерлік шешімін таба отарып, жазушының суреткерлік қырын өнер сүйер жанға өзгеше тұрғыдан сипаттамақ. Сан ғасыр бұрын болған тарихи оқиғаны бүгінгі ұрпақтың жанына жеткізу, көз алдына келтіру – үлкен өнер. Өз ұлтының мәдениетін, әдебиетін, тарихын жан-тәнімен ұққан ұрпақ қана өзге халықтын салт-дәстүрін, тілін, әдет-ғұрпын ерекше ілтипатпен қабылдайтыны заңды құбылыс.

Театр ұжымы қадірлі өнер сүйер жанды, театр өнеріне деген сүйіспеншілігі зор, талғамы жоғары көрерменді жанына рухани азық сыйлап, көңіл пердесін әдемі күйге бөлеу үшінаталмыш премьераны тамашалауға шақырады!