Ертегілер әлеміне құштар, ізгілікке сенетін кез келген адам Қуыршақ театрының билеттерін алуға асығады. Мұнда адамның жасына қатысты шектеу жоқ. Театрға келуші әр қойылымнан өзі іздеген жан тыныштығын табады, ерекше көңіл күйге бөленеді! Балалар әлемі ең көңілді, ең шынайы әлем! Ал қоғам осындай тазалыққа құштар!

Макбет және қуыршақтар Қазақстаннан Туркияға барады

15 Мамыр 2022

Осыдан бір жыл бұрын Алматы қаласының Мемлекеттік қуыршақ театрында әйгілі ағылшын драматургі У. Шекспирдің пьесасы бойынша "Макбет. Иллюзия " атты сахналанған еді. Спектакльді еліміздің ең дарынды театр режиссерлерінің бірі Д.Жұмабаева қойған болады. Ол көптеген жылдар бойы түрлі театрлармен бірге жұмыс істеп, өзгеше форматтарды қолдана отырып ерекше қойылымдарды қалыптастырып келеді. Өз саласының маманы ретінде ол эксперимент жасаудан және әралуан театрлық әдістерді қолдана біледі. "Макбет. Иллюзия" спектаклін ол өзінің шығармашылық принциптері мен көзқарастарына сәйкес қойған еді. Премьерадан кейін көптеген сыншылар және театр қайраткерлері спектакль туралы оң пікір білдірген болатын.

Бұл қойылым мүлдем жаңа және адамдарға жаңаша көрермендік тәжірибе сыйлай алады. Ол тек ересек көрермендерге арналған. Бағыты, жанры, формасы мен мазмұнына жағынан өзіндік сипатқа ие. Осыған байланысты ол театр сахнасында уақытылы қойылады. Алайда бұл спектакльдің арқасында театр артистері артістер үлкен фестивальдерде өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетіп, сайысқа түсіп келеді.

Өткен жылдың қазан айында "Макбет. Иллюзия" Туркияның Анкара қаласында өткен халықаралық театр фестиваліне қатысып, театрдың оң имиджіне әсерін тигізген еді. Онымен қоса, бірнеше ай бұрын Ақтөбе қаласында өткен "Balausa" V Халықаралық эксперименттік спектакльдер фестиваліне қатысқан болатын. Және фестиваль аясында "Үздік қойылым", "Үздік сценография"номинациялары бойынша бас жүлдені игерген еді.

Енді қуыршақ театрының ұжымы "Макбет. Иллюзия" спектаклімен Түркияның тағы бір қаласы - Коньяға іс-сапармен аттанғалы отыр.  Аталмыш елді-мекенде 20-30 мамыр аралығында "Мың тыныс – бір дауыс" атауымен халықаралық театр фестивалі өтеді. Бұл фестиваль түркітілдес елдердің XIV Халықаралық фестивалі болып табылады.

Қуыршақ театрының әртістері түрік көрермендері мен театр сарапшыларын таңдандырып, өздерінің кәсіби дағдылары мен шығармашылық қабілеттерін барлық қырынан көрсете алады деп үміттенеміз. Болашақта та қуыршақ театры қызықты фестивальдерге қатысады және қазақ қуыршақ өнерін әрмен қарай дамыта түседі. 

 

 

 

 

 

Дамир АМАНТАЙ