Ертегілер әлеміне құштар, ізгілікке сенетін кез келген адам Қуыршақ театрының билеттерін алуға асығады. Мұнда адамның жасына қатысты шектеу жоқ. Театрға келуші әр қойылымнан өзі іздеген жан тыныштығын табады, ерекше көңіл күйге бөленеді! Балалар әлемі ең көңілді, ең шынайы әлем! Ал қоғам осындай тазалыққа құштар!

Кезекті жеңіс және Махаббат туралы қойылымдар апталығы

20 Сәуір 2022

Мемлекеттік Қуыршақ театры "Тотальный театр" театрының ұйымдастыруымен өткен Махаббат туралы қойылымдар апталығына У.Шекспирдің  "ROMEO & JULIET" спектаклімен қатысып, алматылық театрлар арасынан "СҮЙІКТІ СПЕКТАКЛЬ" аталымында жеңімпаз атанды!

Қойылым бірнеше халықаралық, республикалық театр фестивальдеріне қатысып, лауреета атанғанын еске саламыз: 

 "Науруз" Халықаралық түркі тілдес елдердің театрлар фестивалі (Қазан, Татарстан Республикасы); 

"КукART" Халықаралық қуыршақ театрлар фестивалі (Санкт-Петербург, РФ); 

"Анкара" Халықаралық қуыршақ театрлар фестивалі (Анкара, Түркия Республикасы); 

Әшірбек Сығай атындағы "Сын - шын болсын" Республикалық театрлар фестивалі. 

 Фестиваль ұйымдастырушыларына және барша көрерменге алғыс білдіреміз!