Ертегілер әлеміне құштар, ізгілікке сенетін кез келген адам Қуыршақ театрының билеттерін алуға асығады. Мұнда адамның жасына қатысты шектеу жоқ. Театрға келуші әр қойылымнан өзі іздеген жан тыныштығын табады, ерекше көңіл күйге бөленеді! Балалар әлемі ең көңілді, ең шынайы әлем! Ал қоғам осындай тазалыққа құштар!

Мәдениет басқармасы театр ұжымына арнайы алхыс хат табыстады

6 Сәуір 2022

27 Наурыз – Халықаралық театр күніне орай Алматы қаласының Мәдениет басқармасы басшысы Ғ.Майлибаев атынан Мемлекеттік қуыршақ театрының бірқатар қызметкерлері адал еңбектері үшін арнайы алғыс хаттармен марапатталды.

Атап айтқанда алғыс хаттарға С.Абуева, Г.Ілиясова, Р.Укарова, Г.Көпбайқызы, М.Төле, Ш.Құлназаров, Р.Абу, А.Нұрәділ, М.Батырханов ие болды.

Арнайы салтанатты жиынға келген Мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Д.Алиев пен Мәдениет басқармасы басшысының кеңесшісі Р.Қабиеваға зор алғыс білдіреміз!

Барша әріптестерімізді марапаттарымен құттықтаймыз! Шығармашылық өрлеу мен толағай табыстар тілейміз!