Ертегілер әлеміне құштар, ізгілікке сенетін кез келген адам Қуыршақ театрының билеттерін алуға асығады. Мұнда адамның жасына қатысты шектеу жоқ. Театрға келуші әр қойылымнан өзі іздеген жан тыныштығын табады, ерекше көңіл күйге бөленеді! Балалар әлемі ең көңілді, ең шынайы әлем! Ал қоғам осындай тазалыққа құштар!

«Bugin Assosiation» бірлестігімен жаңа меморандум

1 Сәуір 2022

Ағымдағы жылдың 1-ші сәуірі күні Алматы Мемлекеттік қуыршақ театры «Bugin Assosiation» қоғамдық бірлестігімен өзара ынтымақтастық туралы МЕМОРАНДУМҒА қол қойды.

 

Меморандум аясында театр ұжымы аталмыш бірлестікпен біріге отырып, заманауи ертегілердің қойылымын бейнежазба ретінде жүзеге асырып, YouTube платформасы арқылы көрермен назарына ұсынатын болады.