«International Union of Тheatre Critics» – «Халықаралық театр сыншылары бірлестігі» биыл үшінші рет «Қазақстан театрлары» мониторингінің қорытындысы мен «Сыншылар жүлдесі» сыйлығын Мемлекеттік қуыршақ театры сахнасында 2022 жылдың 25 ақпан күні табыстады.
Еліміздің барлық өңірінің 50-ден астам театрлары қатысқан мониторинг нәтижесі бойынша Мемлекеттік қуыршақ театры төмендегі номинациялар бойынша жеңімпаз атанды:
1) «ЖЫЛДЫҢ БАҚ-ПЕН ҮЗДІК ЖҰМЫС ІСТЕГЕН ТЕАТРЫ»
2) «ЖЫЛ СУРЕТШІСІ ЮЛИЯ ЧЕРНОВА "МАКБЕТ. ИЛЛЮЗИЯ" СПЕКТАКЛІ ҮШІН»
3) «ҚУЫРШАҚ ТЕАТРЫНЫҢ ЖЫЛ ҚОЙЫЛЫМЫ "ҚАСҚЫР МЕН ЖЕТІ ЛАҚ"»
Мемлекеттік қуыршақ театрының барша ұжымын шын жүректен құттықтаймыз! Және еліміздің өзге театрларын құттықтаймыз!