Ертегілер әлеміне құштар, ізгілікке сенетін кез келген адам Қуыршақ театрының билеттерін алуға асығады. Мұнда адамның жасына қатысты шектеу жоқ. Театрға келуші әр қойылымнан өзі іздеген жан тыныштығын табады, ерекше көңіл күйге бөленеді! Балалар әлемі ең көңілді, ең шынайы әлем! Ал қоғам осындай тазалыққа құштар!

"Жыр қанатында" поэзия оқудан онлайн байқау

1 Ақпан 2022

Мұқағали Мақатаев өлеңдерінің қай-қайсысын оқысаңыз да ой мен сезімі қатар келген дауылды ақынды тани түсесіз. Жыр жүйрігінің жауһарлары өз дәуірінің тынысы ғана емес, марқұм Фариза Оңғарсынова айтпақшы «Мұқағали поэзиясы – таңғы шықтай мөлдір, сырлы, мұңлы поэзия». Келешек ұрпағымен мәңгі жасай беретін поэзия.  

Ендеше, қадірлі жас дос, Сен үшін таптырмас мүмкіндік ұсынамыз! Ақиық ақынның шығармашылығынан өлең оқып, жеңімпаз атан!