Ертегілер әлеміне құштар, ізгілікке сенетін кез келген адам Қуыршақ театрының билеттерін алуға асығады. Мұнда адамның жасына қатысты шектеу жоқ. Театрға келуші әр қойылымнан өзі іздеген жан тыныштығын табады, ерекше көңіл күйге бөленеді! Балалар әлемі ең көңілді, ең шынайы әлем! Ал қоғам осындай тазалыққа құштар!

«Тәуелсіз елдегі бақытты ұрпақпын» эссе жазудан байқаудың қорытындысы

21 Желтоқсан 2021

Алматы қаласының Мемлекеттік қуыршақ театры Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына орай Алматы қаласындағы орта білім беретін мектеп оқушылары арасында «ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДЕГІ БАҚЫТТЫ ҰРПАҚПЫН» тақырыбында эссе жазудан байқау ұйымдастырды. Жоғары белсенділік танытып, ерекше қабілетімен көзге түскен әр қатысушыға театр әкімшілігі атынан зор алғысымызды білдіреміз! 

Ең ғажайып ерліктер Отанға шексіз сүйіспеншіліктен туындайтыны сөзсіз. Әр қатысушының жұмысынан еліне, жеріне, атамекеніне деген мөлдір сезімі мен ыстық ықыласын сезіндік. 

 

Жеңімпаздар қатары төмендегідей:  

I ОРЫН

Бағлан Абай, НЗМ ХББ 9 «Д» сынып оқушысы

 

II ОРЫН 

Сайланбек Алғыс, №173 мектеп-лицейдің 2 «А» сынып оқушысы

Сәрсенбай Эльдана, №176 мектеп-гимназиясының 9 «В» сынып оқушысы

 

III ОРЫН

Дәулетқазы Ақылбек, №173 мектеп-лицейдің 2 сынып оқушысы

Бәзілжан Айым, №156 мектептің 3 «В» сынып оқушысы

Матқалықов Нұр, №176 мектеп-гимназиясының 9 «Ә» сынып оқушысы