Шығармашылық байланыс – жаңашыл жобалар мен толассыз тәжірибелердің маңызды сатысы болса, оны дамыту мен жандандыру жеңісті бастама. Осы орайда, Мемлекеттік #ҚУЫРШАҚ театры Қазақстан Республикасы #ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНА орай Халықаралық #ОНЛАЙН дөңгелек үстелін өткізді.
Дөңгелек үстел барысында Давлетшина Дина (РФ, Уфа қ., театр сыншысы, Башқұртстан Республикасының Еңбек сіңірген өнер қайраткері), Анар Ешмұратова (Нұр-Сұлтан қ., Қазақ ұлттық өнер университетінің PhD докторы, аға оқытушы), Имамутдинов Альберт ( РФ, Уфа қ., Башқұрт мемлекеттік қуыршақ театрының директоры), Ахметшин Айрат, Гараева Диана, Волоков Андрей (РФ, Уфа қ., Башқұрт мемлекеттік қуыршақ театрының қызметкерлері), Құмарғалиева Назерке (театртанушы, өнертану магистрі, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының оқытушысы) және Алматы Мемлекеттік қуыршақ театры ұжымы ойларын ортаға салып, жоспарлы іс-шаралар бағытын қалыптастыруға атсалысты.
Ертегілер әлеміне құштар, ізгілікке сенетін кез келген адам Қуыршақ театрының билеттерін алуға асығады. Мұнда адамның жасына қатысты шектеу жоқ. Театрға келуші әр қойылымнан өзі іздеген жан тыныштығын табады, ерекше көңіл күйге бөленеді! Балалар әлемі ең көңілді, ең шынайы әлем! Ал қоғам осындай тазалыққа құштар!