Ертегілер әлеміне құштар, ізгілікке сенетін кез келген адам Қуыршақ театрының билеттерін алуға асығады. Мұнда адамның жасына қатысты шектеу жоқ. Театрға келуші әр қойылымнан өзі іздеген жан тыныштығын табады, ерекше көңіл күйге бөленеді! Балалар әлемі ең көңілді, ең шынайы әлем! Ал қоғам осындай тазалыққа құштар!

Сыншылар жүлдесі 2020

14 Қаңтар 2021

Бүгін «Халықаралық театр сыншылары бірлестігі» 2020 жыл бойынша елімізідегі театрлардың атқарған еңбектерін сараптай келіп, онлайн форматта СЫНШЫЛАР ЖҮЛДЕСІН табыстады.

Алматы қаласының Мемлекеттік Қуыршақ театры төмендегі номинациялар бойынша үздік деп танылды:

- "Үздік балаларға арналған қойылым  - "ҮЙШІК" спектаклі"

- "БАҚ-пен үздік жұмыс жасаған театр"

- "Онлайн форматтағы ең үздік театр"

Барша әріптестерімізді шын жүректен құттықтаймыз!