Ертегілер әлеміне құштар, ізгілікке сенетін кез келген адам Қуыршақ театрының билеттерін алуға асығады. Мұнда адамның жасына қатысты шектеу жоқ. Театрға келуші әр қойылымнан өзі іздеген жан тыныштығын табады, ерекше көңіл күйге бөленеді! Балалар әлемі ең көңілді, ең шынайы әлем! Ал қоғам осындай тазалыққа құштар!

Мәдениеттің озық - үлгісі

17 Қараша 2017

Қуыршақ театры - БАҚ назарында!

Елу жылға жуық театрда еңбек етіп келе жатқан, театрымыздың анасы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - Сабиля Абуева хабар арнасының "Жаңа күн" бағдарламасында қонақта болды. Театр мәдениеті дегеніміз не, мәдениет қайдан бастау алады деген сауалдар тұрғысында сұхбаттасып қайтты. Өнер ордасындағы мәдениет жайындағы сюжетті www.khabar.kz сайтынан көре аласыздар.