Ертегілер әлеміне құштар, ізгілікке сенетін кез келген адам Қуыршақ театрының билеттерін алуға асығады. Мұнда адамның жасына қатысты шектеу жоқ. Театрға келуші әр қойылымнан өзі іздеген жан тыныштығын табады, ерекше көңіл күйге бөленеді! Балалар әлемі ең көңілді, ең шынайы әлем! Ал қоғам осындай тазалыққа құштар!

Қуыршақ театры көрермендерін күтеді!

7 Қазан 2020
Жарты жылға жуық онлайн форматта жұмыс атқарған Мемлекеттік ҚУЫРШАҚ театры көрермендерге қуаныш сыйлауға әзір! Театр репертуарындағы қойылымдар легін алдағы уақытта сенбі, жексенбі күндері театрымызға келіп тамашалай алатындарыңызды хабарлаймыз! Барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып сахналанатын спектакльдерден қапы қалмаңыздар. 
 
Сонымен бірге, онлайн форматтағы қызықты әрі пайдалы айдарлар да әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларымызда өз жалғасын табады. Бізбен бірге болыңыздар!