Ертегілер әлеміне құштар, ізгілікке сенетін кез келген адам Қуыршақ театрының билеттерін алуға асығады. Мұнда адамның жасына қатысты шектеу жоқ. Театрға келуші әр қойылымнан өзі іздеген жан тыныштығын табады, ерекше көңіл күйге бөленеді! Балалар әлемі ең көңілді, ең шынайы әлем! Ал қоғам осындай тазалыққа құштар!

Мерекелік медаль

30 Тамыз 2020
Мемлекеттік ҚУЫРШАҚ театрының ардагер артисі, Қазақстанның Мәдениет қайраткері ІЛИЯСОВА КҮЛЖӘМИЛА АЙЫПҚЫЗЫ ҚР Президентінің 2020 жылғы 20 тамыздағы Жарлығы бойынша "Қазақстан Конституциясына 25 жыл" мерекелік медалімен наградталды.
Әріптесіміздің еңбегіне табыс, деніне саулық тілейміз!