Ертегілер әлеміне құштар, ізгілікке сенетін кез келген адам Қуыршақ театрының билеттерін алуға асығады. Мұнда адамның жасына қатысты шектеу жоқ. Театрға келуші әр қойылымнан өзі іздеген жан тыныштығын табады, ерекше көңіл күйге бөленеді! Балалар әлемі ең көңілді, ең шынайы әлем! Ал қоғам осындай тазалыққа құштар!

ТЕАТР АРТИСІ "МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ" ТӨСБЕЛГІСІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ.

25 Мамыр 2020

 

Мемлекеттік #ҚУЫРШАҚ театрының талантты артисі Сүлейменова Эльвира Маратбекқызы Қазақстан Республикасының Мәдениет және Спорт министрлігінің "МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ" төсбелгісімен марапатталды. Мамандыққа деген шексіз махаббаты мен өзіне талап қоя білетін еңбекқорлығы ұштасқан өнер иесіне толағай табыстар тілейміз! Еңбектің еленуі - артист үшін сарқылмас шабыт. Әріптесімізді аталмыш марапатымен шын жүректен құттықтаймыз!
Құрметпен, Мемлекеттік #ҚУЫРШАҚ театрының ұжымы