Бүгін өнер ордамызда словак елінің "Құтан мен қарақшы" ертегісінің желісі бойынша сахналанған қойылым балғын бүлдіршіндермен қауышып, көңілдерін шат-қуанышқа бөледі.
Көрермен жанына рухани азық сыйлап, ертегі кейіпкерлеріне жан бітірген шығармашылық ұжымды премьерамен құттықтаймыз!
«Айко мен Страшко» - достық пен адалдық туралы ертегі. Қанатын жаралап алған Айко есімді құтанды, Страшко есімді қарақшы құтқарып, қысты аман-есен өткізуге көмектеседі. Ал көктем келгенде Айко таңдау жасауы керек. Өз үйіне, достарына қарай ұшып кетеді ме? Жоқ, жаңадан тапқан досы Страшкомен бірге қалады ма? Бұл әсерлі, әрі философиялық қойылым, кішкентай көрерменге жақсылық пен жамандық, сатқындық пен мейірімділік, нағыз достық, махаббат пен адалдық ұғымдарын түсіндіреді.
Авторы – Л.Лопейска, Г.Крчулова
Режиссері – театр режиссері, РФ Театр Одағының мүшесі, "КукART" Халықаралық театр фестивалінің президенті әрі директоры Давид Бурман
Суретшісі – А.Жүсіпәлі