Ертегілер әлеміне құштар, ізгілікке сенетін кез келген адам Қуыршақ театрының билеттерін алуға асығады. Мұнда адамның жасына қатысты шектеу жоқ. Театрға келуші әр қойылымнан өзі іздеген жан тыныштығын табады, ерекше көңіл күйге бөленеді! Балалар әлемі ең көңілді, ең шынайы әлем! Ал қоғам осындай тазалыққа құштар!

ҰЛТТЫҢ ҰЛЫ ОЙШЫЛЫ - АБАЙ ҚУЫРШАҚ ТЕАТРЫНДА

1 Қараша 2019

 

Құнарлы ой, құнды сөз иесі кемеңгер, дана Абай турасында тәлімі бөлек, салмағы ауыр, мәні зор жаңа спектакль ЖАҚЫНДА Мемлекеттік қуыршақ театры сахнасында...

«Мен өзім тірі болсам да, анық тірі де емеспін! Әншейін осылардың ызасынан ба, өзіме-өзім ыза болғанымнан ба, яки бөтен бір себептен бе? - еш білмеймін. Сыртым сау болса да, ішім өліп қалыпты. Ашулансам, ызалана алмаймын. Күлсем, қуана алмаймын, сөйлегенім өз сөзім емес, күлгенім өз күлкім емес, бәрі де әлдекімдікі...»

Абай Құнанбаев.
Тоғызыншы сөз.