Ертегілер әлеміне құштар, ізгілікке сенетін кез келген адам Қуыршақ театрының билеттерін алуға асығады. Мұнда адамның жасына қатысты шектеу жоқ. Театрға келуші әр қойылымнан өзі іздеген жан тыныштығын табады, ерекше көңіл күйге бөленеді! Балалар әлемі ең көңілді, ең шынайы әлем! Ал қоғам осындай тазалыққа құштар!

МЕРЕЙЛІ 85 МАУСЫМ

10 Қазан 2019

 

 

Тамыры терең, тарихы кеңінен жайылған Мемлекеттік ҚУЫРШАҚ театрының 85 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келген 85-ші театр маусымының ашылу салтанаты өтуде.

Балғын бүлдіршіндердің бойына рухани азық сыйлайтын #ҚУЫРШАҚ театры жаңа маусымда жаңа қойылымдармен көрермендерімізді қуантуға әзір!