Бүгін Мемлекеттік ҚУЫРШАҚ театрының бірқатар артистері біліктіліктерін арттыру мақсатында өтетін ҚУЫРШАҚ ЖҮРГІЗУ сабағы бойынша көркемдік кеңеске емтихан тапсырды.
Қуыршақпен жұмыс істей білу біздің театр артисы үшін қашан да маңызды. Осы ретте, кәсіби шеберліктерін шыңдап, шығармашылықтарының шарықтауы жолында тынымсыз ізденістерін көрсеткен әріптестерімізді бүгінгі жоғарғы деңгейдегі өнер көрсетулерімен құттықтаймыз!