Қала күнін мерекелеу аясында 12-19 қыркүйек аралығында Мемлекеттік қуыршақ театры көңілді көрсетілімдер ұсынады. Бұл туралы Алматы қаласының баспасөз қызметі хабарлады.
85 жылдық тарихы бар Алматы қаласының Мемлекеттік қуыршақ театры Қазақстандағы ең ірі өнер ұжымдарының бірі. Бүгінде талантты артистер мен қуыршақ шеберлерінің, режиссерлердің, суретшілердің бірнеше ұрпағын тәрбиелеп шығарды.
Қаланың барлық сегіз ауданының көрермендері үшін театр репертуарының үздік спектакльдері және түрлі ұлт өкілдерінің шығармашылығын бейнелейтін арнайы қойылым, «Қуыршақтар шоуы» ұсынылады. Қойылымның авторы мен режиссері - С. Шүкіров, К. Ешмұратова. Тағылымы жоғары көрермен үшін «Арыстанның қорқынышын қалай жазуға болады?» атты интерактивті қойылым көрсетіледі. Авторы - М. Дългечева, режиссері - К. Андреева.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы алғашқы «Қуыршақтар шоуы» концерті 12 қыркүйекте Оқушылар Сарайының алдында өтті.
"Egemen Qazaqstan" Республикалық газеті