Бүгінгі күн мәдениеттерінің тамырлары көшпенді дәстүрден бастау алатыны бәрімізге аян. Ата-бабаларымыздың мұра етіп қалдырған салт-дәстүрлерін, жоралғыларын ұмытпай өскелең ұрпаққа жеткізу - біздің міндет.
Бүгінде "ҰЛЫ ДАЛА - КӨШПЕНДІЛЕР ӘЛЕМІ" атты халықаралық этно-мәдени фестивалінде Мемлекеттік қуыршақ театрының ұжымы өнер көрсетіп, 18 мемлекеттен келген ең мықты этно музыканттар мен спортшылармен қатар қонақтарға қуаныш сыйлады.
ҚУЫРШАҚ театры тамыры терең түркі халықтарының дәстүрін ұлықтаған мерекелік іс-шараға өз үлесін қосты
Ертегілер әлеміне құштар, ізгілікке сенетін кез келген адам Қуыршақ театрының билеттерін алуға асығады. Мұнда адамның жасына қатысты шектеу жоқ. Театрға келуші әр қойылымнан өзі іздеген жан тыныштығын табады, ерекше көңіл күйге бөленеді! Балалар әлемі ең көңілді, ең шынайы әлем! Ал қоғам осындай тазалыққа құштар!