Ертегілер әлеміне құштар, ізгілікке сенетін кез келген адам Қуыршақ театрының билеттерін алуға асығады. Мұнда адамның жасына қатысты шектеу жоқ. Театрға келуші әр қойылымнан өзі іздеген жан тыныштығын табады, ерекше көңіл күйге бөленеді! Балалар әлемі ең көңілді, ең шынайы әлем! Ал қоғам осындай тазалыққа құштар!

Науруз 2019 фестивалі

11 Маусым 2019

Мемлекеттік ҚУЫРШАҚ театры ағымдағы жылдың 1-8 маусым күндері аралығында Татарстан Республикасы Казань қаласында өткен Түркі xалықтарының XIV Халықаралық НАУРУЗ театр фестиваліне У.Шекспирдің "РОМЕО - ДЖУЛЬЕТТА" (реж.: Дина Жұмабаева) қойылымымен қатысып, фестиваль сарапшылары мен қатысушыларының, қонақтарының жоғары бағасына ие болды.

Елімізде алғаш рет қуыршақтар бейнесінде саxналанған классикалық шығарма арнайы дипломға иеленді.

Театр ұжымын һәм спектакльдің шығармашылық құрамын кезекті жеңіспен құттықтаймыз!