Ұлттық құндылықтарымыз – біздің басты байлығымыз! Елбасының жарлығымен, ұлттық аспабымыздың бірі –домбыраны кеңінен насихаттау мақсатында шілденің бірінші жексенбісінде Ұлттық Домбыра күні болып бекітілді. Елімізде алғаш рет тойланайын деп отырған Ұлттық Домбыра күніне арналған салтанатты шаралар өтеді деп күтілуде. Мереке қарсаңында өткізілгелі отырған шаралардың басты мақсаты – қазақ халқының өте ерте және кең тараған домбыраны кеңінен дәріптеу, оны халық арасында барынша қолданысқа енгізу болып табылады.
1 шілде күні өткізілетін мереке құндылықтарымызды насихаттап, қазақтың ұлттық аспабы - домбыраны дәріптеу мен мәдени ұлттық бірлікті нығайтуды мақсат тұтты. Бұл күн мәдениет қызметкерлері мен қоңыр үнді домбыраның үнін сүйетін адамдарды біріктіретін айтулы мереке болмақ. Осы орайда "Мемлекеттік қуыршақ театры" КМҚК ұжымы да шараға өз үлесін қосу мақсатында қала ішінде өткізіліп отырған іс-шараға белсенді қатысатынын жеткізеді. Айтулы шара аясында күй шеруіне театр әртістері, өнер жанашырлары және танымал қоғам қайраткерлері және басқа да 3 мың өнерпаздың орындауында Құрманғазы, Сүйінбай, Динаның атақты күйлерін, даланың қоңыр сазын, нағыз қазақтың үнін тыңдай аласыздар. Өнерпаздар Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында, Панфилов көшесіндегі демалыс орындарында және т.б. орталықтарда көпшілікке арналып қазақтың қара домбырасынан күй төкпек.
Өнерсүйер қауымды Ұлттық домбыра күнін бізбен бірге атап өтуге шақырамыз!