«Deemak» театрының «Маршмэллоу» спектаклі

 

Жанр: Әлеуметтік спектакль

Жас ерекшелігі: 6+

Ұзақтығы: 40 минут

 

Тілі: Орыс

Өтетін орны: Кіші зал

Өтетін уақыты: 21-қазан, 13:00

 

Спектакльдің шығармашылық құрамы:

- Режиссер –  Альберт Биг Джони

- Автор – Шел Сильверстейн

- Суретші – Аде Биг Джони

- Композитор – Мани Монадизаде

 

Спектакль туралы:

«Маршмеллоу» – америкалық жазушы Шел Сильверстайнның «Лафкадио» шығармасының желісі бойынша сахналанған балаларға арналған әлеуметтік спектакль жанрындағы туынды.

Оқиға орманда тіршілік ететін арыстан туралы баяндайды. Бір күні ол қару тауып алып, атуды үйренеді. Уақыт өте келе мергендігімен танылып, циркке шақырылады және әлемді аралап, атақ-даңққа бөленеді. Алайда жаңа өмірі оның болмысын өзгертеді. Өзінің кім екенін, қай әлемге тиесілі екенін түсінуге ұмтылған арыстанның оқиғасы көрерменді өзіндік болмысты сақтау, танымалдық пен ішкі құндылықтар туралы ойлануға жетелейді.

 

Театры туралы:

«Deemak» театры – 2000 жылы Иранның Тегеран қаласында құрылған театр ұжымы. 2003 жылы оның құрамына «Khamachik Puppeteer Group» қуыршақ театры қосылған. Театр спектакльдер дайындау, шығармашылық жобаларды ұйымдастыру және халықаралық мәдени байланыстарды дамыту бағытында жұмыс істейді. Ұжымның көркемдік жетекшісі – Альберт Биг Джони.