Ертегілер әлеміне құштар, ізгілікке сенетін кез келген адам Қуыршақ театрының билеттерін алуға асығады. Мұнда адамның жасына қатысты шектеу жоқ. Театрға келуші әр қойылымнан өзі іздеген жан тыныштығын табады, ерекше көңіл күйге бөленеді! Балалар әлемі ең көңілді, ең шынайы әлем! Ал қоғам осындай тазалыққа құштар!

«ҚЫТАЙ ДӘСТҮРІ» | Шоу-спектакль | ІІ Almaty Puppet Festival – 2024

16 Қазан 2024

Қойылымның авторы, режиссері және актері: Чун Фей Ченг

 

«Қытай дәстүрі» қойылымы – бұл Қытай халқының дәстүрлі қуыршақ өнерімен таныстыратын ерекше шоу-спектакль. Жіп, қол, және таяқша қуыршақтарының шеберлігі, әсемдігі және күлкілі сәттері көрермендерді баурап алады. Қойылым барысында «Кинг-фу маймыл патшасы», «Маймылдарды үйрету», «Жастар арманы», «Қуыршақ төбелесі» және «Бет өзгерту» сияқты әсерлі оқиғалар ұсынылады.

«Саусақ ойыны» бөлімі көрермендермен бірге ойналады, онда кейбіреулеріне сахнаға шығып, қол қуыршақтарын басқарып көру мүмкіндігі беріледі. Сайқымазақтың қатысуы қойылымды жандандырып, көрермендермен жылы әрі көңілді байланыс орнатуға көмектеседі. Бұл қойылым дәстүрлі қуыршақ өнерінің сиқырын сезініп, оның шынайы сұлулығын тамашалауға тамаша мүмкіндік ұсынады.

 

Сөзсіз қойылым.