Бургас мемлекеттік қуыршақ театрының «Филифьонка в ожидании катастрофы» спектаклі
Жанры: Әдеби ертегі негізіндегі поэтикалық қуыршақ спектаклі
Жас ерекшелігі: 8+
Ұзақтығы: 50 минут
Тілі: Болгар тілінде
Өтетін орны: Мемлекеттік қуыршақ театры, үлкен зал
Өтетін күні мен уақыты: 23 қазан 2023 жыл, 18:30
Спектакльдің шығармашылық құрамы
Режиссері: Петр Тодоров.
Сценография — Ханна Шварц;
Музыка— Петя Диманова;
Автор — Туве Янссон.
Драматизация және режиссура — Петър Тодоров.
Орындаушылар — Десислава Минчева-Тодорова, Неделина Роселинова; жазбадағы дауыс — Ицко Финци.
Спектакль туралы
Шалғайдағы солтүстік жағалауда жалғыз тұратын Филифьонка үнемі бір апат болатындай қауіптенеді. Ол өзін қорғау үшін үйінен сирек шығып, қалыпты тіршіліктің өзін үреймен өткізеді. Жанында тұратын Гафсамен көршілік қарым-қатынас орнатуына да осы қорқыныш кедергі болады.
Туве Янссонның шығармасы негізіндегі қойылым адамның ішкі алаңын, жалғыздығын және өз қорқынышын жеңу жолын поэтикалық бейнелер арқылы ашады. Оқиға көрерменге қауіптен қашумен өткен өмір мен еркін өмір сүрудің айырмасын сезіндіреді. Филифьонканың хикаясы өзіңді шектейтін үрейден арылу туралы ойға жетелейді.
Театр туралы
Бургас мемлекеттік қуыршақ театры 1954 жылы құрылған, 1962 жылы мемлекеттік мәртебе алған. Болгариядағы бұл кәсіби ұжым балаларға арналған спектакльдермен бірге әртүрлі жастағы көрерменге түсінікті әдеби және поэтикалық қойылымдар ұсынады. Театр 2014 жылдан бері Бургас қаласында «Қуыршақ күндері» халықаралық жазғы фестивалін ұйымдастырады. «Филифьонката, която вярваше в бедствия» қойылымы 2019 жылы «Икар» сыйлығының үздік қуыршақ спектаклі аталымын иеленді.