Алматы мемлекеттік қуыршақ театрының «Шал мен теңіз» спектаклі

Байқаудан тыс

 

 

Жанры: Драма

Жас ерекшелігі: 16+

Тілі: Қазақ тілінде

Өтетін орны: Мемлекеттік қуыршақ театры, үлкен зал

Өтетін күні мен уақыты: 22 қазан 2023 жыл, 18:30

 

Спектакльдің шығармашылық құрамы

Автор — Эрнест Хемингуэй.

Режиссер әрі инсценировка авторы — Дина Жұмабаева.

Суретші — Юлия Чернова.

Хореограф — Анна Цой.

Спектакль туралы

Аннотация

Кубалық қарт балықшы Сантьяго теңізге шығып, алып марлинмен жанкешті күреске түседі. Табиғаттың сұлулығы мен қаталдығы аясында адамның арманына адалдығы, үміті мен рухының беріктігі сыналады. Эрнест Хемингуэй повесі қуыршақ өнері арқылы адамның жеңіліске мойымауы туралы сахналық толғанысқа айналады.

Театр туралы

Алматы мемлекеттік қуыршақ театры 1935 жылы құрылды. Ұжым балаларға арналған ертегілермен қатар жасөспірімдер мен ересектерге арналған классикалық шығармаларды да сахналайды. Театр репертуарында қазақ және орыс тілдеріндегі қойылымдар бар.