Қазақша  |  Русский  |  English

Шығармашылық құрам

Кубанычбек Адылов

Кубанычбек Адылов

Көркемдік жетекші

 

Кубанычбек Адылов – Қазақстан театр кеңістігінде өзіндік қолтаңбасы қалыптасқан, тәжірибелі актер әрі режиссер. Шығармашылық жолын Мемлекеттік қуыршақ театрынан бастап, кейіннен бірнеше жетекші театрларда еңбек етті. Оның театр сахнасындағы жолы – кәсіби ізденіске, жаңашылдыққа және өнерге деген адалдыққа толы.

1991-1994 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Қуыршақ театр және драма актері» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2011-2014 жылдар аралығында Санкт-Петергбург мемлекеттік академиясында «Режиссура өнері», Санкт-Петербург мемкелеттік мәдениет және өнер университетінде «Театрландырылған қойылымдар мен мерекелік іс-шаралар режиссері» кәсіби біліктілік курстарының аяқтаған.

 

Еңбек жолы

2024–2025 — «Жаңа Ғасыр» театры – режиссер
2019–2024 — «Бата» театры – актер, режиссер
2017 — «Theatre Imenibaleta» театралдық бірлестігі – режиссер
2016–2020 — «Laboratory 316» Тәуелсіз театр труппасы – режиссер
2014–2017 — Республикалық Неміс драма театры – актер, режиссер
2014–2019 — Т.Жүргенов атындағы Ұлттық өнер академиясы – аға оқытушы
2013–2014 — Мемлекеттік қуыршақ театры – бас режиссер
2012–2015 — Т. Жүргенов атындағы Ұлттық өнер академиясының колледжі – оқытушы
2009–2013 — Республикалық Неміс драма театры – актер, режиссер
2006–2008 — «Аксарай» мюзикл театры – актер, режиссер
2007 (ақпан–тамыз) — Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры – актер
2004–2007 — Республикалық Неміс драма театры – актер
1996–2004 — «Сезам» биік қуыршақтар театры – көркемдік жетекші, режиссер
1995–1996 — «31 арна» ТРК – актер, режиссер
1994–1995 — Мемлекеттік қуыршақ театры – актер
1991–1995 — Алматы мемлекеттік театр-көркемсурет институты – студент

 

Жетістіктері:

  1. Қазақстан театр қайраткерлері одағы – «Еңлікгүл» кәсіби сыйлығының үміткері – 2011 жыл;
  2. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы бойынша «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалі – 2011 жыл;
  3. Ә.Мәмбетовтың 80 жылдығына арналған Қазақстан драма театрларының XX республикалық фестивалі – «Ең үздік режиссерлік шешім» – 2012 жыл;
  4. Орталық Азия мемлекеттерінің IV халықаралық театр фестивалі – «Ең үздік режиссерлік қойылым» – 2012 жыл;
  5. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі – «Құрмет» грамота – 2012 жыл;
  6. «ОТКРОВЕНИЕ» жастар театр фестивалі – «Ең үздік режиссерлік жұмыс» – 2013 жыл;
  7. IV халықаралық қуыршақ театрлары фестивалі – «Ең үздік спектакль» – 2014 жыл;
  8. ҚР Президентінің Жарлығы бойынша «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалі – 2016 жыл:
  9. II халықаралық «Тақ-теке» қуыршақ театрлары фестивалі – «Ең үздік режиссура» – 2017 жыл;
  10. Мәдениет, өнер және спорт саласындағы Қазақстан премиясы – «Жыл спектаклі» (B.O.Q. спектаклі, Laboratory 316) – 2019 жыл;
  11. IV халықаралық «BALAUSA» экспериментальді спектакльдер фестивалі – «Ең үздік режиссура» – 2019 жыл.