Ертегілер әлеміне құштар, ізгілікке сенетін кез келген адам Қуыршақ театрының билеттерін алуға асығады. Мұнда адамның жасына қатысты шектеу жоқ. Театрға келуші әр қойылымнан өзі іздеген жан тыныштығын табады, ерекше көңіл күйге бөленеді! Балалар әлемі ең көңілді, ең шынайы әлем! Ал қоғам осындай тазалыққа құштар!

Тушаев Бақыт Әуелханұлы

1983 жылы 25 шілдеде Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Жаңа шаруа ауылында дүниеге келген.

2002-2006 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Эстрада миниатюра театрының» актер мамандығын бойынша бітірді.

2006 жылдан бері Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының артисі.

2022 жылдан бастап "Мемлекеттік қуыршақ театры" КМҚК директорының дамыту жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалды.

Ойнаған рөлдері:
Т.Ахтанов «Күшік күйеу» – Бекболат, Э.Хушвақтов «Сүйе білсең…» – Аббас, М.Хасеновтің «Жұбайлар-ай, жұбайлар!» – Қасым, Ш.Айтматов «Қызыл орамалды шынарым» – Әлібек, Ғ.Мүсірепов «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» – Жантық, «Ақан сері – Ақтоқты» – Сейіт, С.Ахмад «Келіндер көтерілісі» – Мамыр, Б.Мұқай «Шындық детекторы» – Асхат Шарифуллин, М.Мақатаев «Мен, ұмытылмаймын…» – досы, Ә.Тарази «Жақсы кісі» – Шалкез, Г.Хугаев «Қара шекпен» – Қуқар, Д.Исабеков «Құстар фестивалі» – Сауысқан, т/б.
Бақыт Тушаев «Технодом» сауда үйінің жарнама роликтері арқылы танымал.

Мемлекеттік марапаттары:
2015ж. Қазақстан Жастар Одағы “Серпер” сыйлығының лауреаты.

2022ж. Қазақстан Республикасы "Абай" атындағы халықаралық мәдениет пен өнерді қолдау қоры қоғамдық кеңесінің шешімімен ұлттық руханиятқа сіңірген еңбегі үшін "АБАЙ" мерейтойлық металімен марапатталды.