Ертегілер әлеміне құштар, ізгілікке сенетін кез келген адам Қуыршақ театрының билеттерін алуға асығады. Мұнда адамның жасына қатысты шектеу жоқ. Театрға келуші әр қойылымнан өзі іздеген жан тыныштығын табады, ерекше көңіл күйге бөленеді! Балалар әлемі ең көңілді, ең шынайы әлем! Ал қоғам осындай тазалыққа құштар!

Жетібаева Бақытжан Серікбайқызы

Жетібаева Бақытжан Серікбайқызы 1968 жылдың 9 қыркүйегінде Жезқазған облысы, Никольск қаласында дүниеге келген.

1993 жылы Мемлекеттік Басқару академиясын «Әлеуметтік-экономикалық жоспарлау» мамандығы бойынша бітіріп шығады.

Жұмыс тәжірибесі:

· 1993 – 1995 жылдары Жезқазған облысы, Никольск қаласындағы «Казцветмет» акционерлік қоғамында  -  аға бухгалтер;

· 1996 – 2009 жылдары денсаулық сақтау басқармасы, №5 қалалық клиникалық ауруханасында -  бас бухгалтер;

· 2010 – 2012 жылдары «Халықаралық Білім беру корпорациясы» акционерлік қоғамында   - бас бухгалтер;

·2012 – 2016 жылдары «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымында – бухгалтер;

· 2016 жылдан бүгінгі күнге дейін Алматы мемлекеттік қуыршақ театрында – бас бухгалтер қызметін абыройлы атқаруда.