Ертегілер әлеміне құштар, ізгілікке сенетін кез келген адам Қуыршақ театрының билеттерін алуға асығады. Мұнда адамның жасына қатысты шектеу жоқ. Театрға келуші әр қойылымнан өзі іздеген жан тыныштығын табады, ерекше көңіл күйге бөленеді! Балалар әлемі ең көңілді, ең шынайы әлем! Ал қоғам осындай тазалыққа құштар!

Амангелді Алмат Амангелдіұлы

Амангелді Алмат Амангелдіұлы 1980 жылы 8 желтоқсанда Алматы облысы, Сарқан ауданы, Көкжиде ауылында дүниеге келген.

1998 жылы орта мектепті бітірген соң, Алматы қаласындағы Қазақ Ұлттық Аграрлық Университетінің «Халықаралық экономикалық қатынастар» факультетіне оқуға түсіп, 2003 жылы «Халықаралық экономист» мамандығы бойынша білім алған. 

2012-2014 жылдар аралығында «Көкше» академиясының «Заңгер» мамандығы бойынша бітірген.

2003-2007 жылдар аралығында бизнес саласында қызмет атқарған.

2007-2009 жылдары Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар Департаментінде бас маман.

2009-2011 жылдары Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша Салық басқармасының бас салық инспекторы қызметін атқарған.

2011-2013 жылдары Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасында бас маман.

2013-2015 жылдары ҚР  БҒМ «Ғылым ордасы» РМК-да бөлім бастығы.

2015-2016 жылдары Алматы қаласы Білім басқармасының «Мемлекеттік бизнес колледжі» МКҚК директордың орынбасары.

2016-2022 жылдары Алматы қаласы «Мемлекеттік қуыршақ театры » КМҚК директордың дамыту жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.

2022 жылдың ақпанынан бастап «Мемлекеттік қуыршақ театры» КМҚК директоры қызметін атқарып келеді.

2023 жылы мамыр айында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі атынан «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісіне ие болды.