Ертегілер әлеміне құштар, ізгілікке сенетін кез келген адам Қуыршақ театрының билеттерін алуға асығады. Мұнда адамның жасына қатысты шектеу жоқ. Театрға келуші әр қойылымнан өзі іздеген жан тыныштығын табады, ерекше көңіл күйге бөленеді! Балалар әлемі ең көңілді, ең шынайы әлем! Ал қоғам осындай тазалыққа құштар!

Камалов Мақсат Нұрланұлы

Камалов Мақсат Нұрланұлы 31 тамыз 1986 жылы ОҚО облысы, Кентау қаласында дүниеге келген. 2002-2005 ж. Ж.Елебеков атындағы Республикалық Эстрада-Цирк колледжінде Халық артисі Сұлтанғали Шүкіров Төгелбайұлынан   «Қуыршақ бөлімі» мамандығы бойынша бітірді. 2012 ж. ОҚО Шымкент  қаласында Қ.А.Яссауи атындағыХалықаралық қазақ-түрік университетінде музыкалық білім мандығы бойынша бітіріп, бакалавар академиялық дәрежесін алды.

КМҚК «Мемлекеттік қуыршақ театрында» 2003 жылдан бері еңбек етіп, 2005 жылдан Сұлтанғали Шүкіров Төгелбайұлының қарамағында жұмыс істеді. 2008 жылы КМҚК «Мемлекеттік қуыршақ театрында» үздіксіз қызметін атқарып келеді. Театрмен бірге шетелдерде гатрольдерде  2003ж. 2008ж. Ресей, 2004ж. ҚХР,  2011ж. Болгария, 2012ж. Түркия, өз еліміздің біраз қалаларында гастрольдік сапарларда болды. М.Камалов «Балапан» каналындағы «Бауырсақ», «Әли мен Айя», «Менің сүйікті ертегім» бағдарламаларында жиі шығып тұрады. Қазақ киносында М.Толеухановтың «Петля» киносында түскен.

2008 жылдан бастап Қазақстан Театр Қайраткерлері Одағының мүшесі.

Театрдаойнаған рөлдері: «Аладдинның сиқырлы шамы» - Аладдин, «Үш торай» - Наф-Наф, «Атамекен», «АққуЖибек», «Орыс халық ертегілері: Репка, Маша и Медведь, Теремок», «Құтан мен қарақшы» - қарақшы, «Чемпион Қожа», «Али баба жәнеқырыққарақшы», «Арыстанның үрейін қалай емдейміз?» - арыстан, «Ана, Жер - Ана» - Майсалбек, «Жусан иісі» - Қалауын, «Медея» - Креонт.