Ертегілер әлеміне құштар, ізгілікке сенетін кез келген адам Қуыршақ театрының билеттерін алуға асығады. Мұнда адамның жасына қатысты шектеу жоқ. Театрға келуші әр қойылымнан өзі іздеген жан тыныштығын табады, ерекше көңіл күйге бөленеді! Балалар әлемі ең көңілді, ең шынайы әлем! Ал қоғам осындай тазалыққа құштар!

Театр тарихы

Алматы қаласының «Мемлекеттік қуыршақ театры» КМҚК қысқаша тарихы

 

Алматы қаласының Мемлекеттік қуыршақ театры – республика тарихындағы тұңғыш қуыршақ театры. 1935 жылы ашылған театр ордасы таяқ қуыршақтан бастап, бүгінгі заман ағымына сай күрделі марионеткалар, соңғы үлгідегі техникалық-лазерлі көркемдеулермен жабдықталған. «Алдар көсе» және «Өтеген батыр» қойылымын дайындаған қазақ драма театрының артистері Қ.Бадыров, С.Телғараев театрдың тұңғыш режиссерлері атанды. Сондай-ақ, «Қуыршақ театрының режиссері» курстарын бітірген А.Федорченко, А.Анчаров және арнайы шақыртылған қуаршақ жүргізу шеберлері Д.Липман мен О.Тарасовалар да режиссерлік етті. Л.Хамиди мен Б.Ерзакович сынды көрнекті композиторлар алғашқы қойылымдарды музыкалық жағынан көркемдеді. Театрдың қалыптасуы мен өркендеуі жолында талантты өнертанушылар мен режиссерлер тынбай еңбек етіп, театрдың дамуына өз үлестерін қосты.

88 жылдық терең тарихы бар театр әр елдің шығармаларын ұлттық тілде сахналаумен бірге талантты артистердің, қуыршақ шеберлерінің, режиссерлердің, суретшілердің бірнеше ұрпағын тәрбиелеп шығарды. Елімізде және шет елде өткен халықаралық, республикалық театр фестивалдерінде биік белестерді бағындырған ұжымның алға қойған бағыты мен бағдары да айқын. Ол – қазақтың қуыршақ театры өнерін өркендету, кешегі мен бүгінгі өмір арасын өнердің биік шыңы арқылы шынайы көрсете білу. Бүгінде ұлттың рухани қажеттілігін өтеп отырған театрдың репертуарлық саясатының ауқымы кең. Репертуардағы 50-ге жуық қойылымдар қазақ  және орыс тілдерінде көрермен назарына ұсынылып отыр.

Өз көрерменін тапқан театрдың бүгінгі тыныс-тіршілігіне көңіл толады. Театр әр жылдары көптеген фестивальдерге қатысып, жүлделі орындарға ие болып, қазақ қуыршақ өнерінің дамуына үздіксіз үлес қосуда:

1964 жылы Ташкент қаласында Халықаралық қуыршақ театрының фестиваліне «Алдар көсе» қойылымымен қатысып, дипломмен марапатталды;

– 1966 жылы Фрунзе қаласында І Халықаралық қуыршақ театрларының фестиваліне А.Исмаиловтың «Алдар көсе» және С.Образцовтың «Большой Иван» спектакльдерімен қатысып, «Үздік спектакль» дипломымен марапатталды;

1969 жылы Ташкент қаласында Халықаралық қуыршақ театрының фестиваліне «Алдар көсе», «Чемпион Қожанасыр» қойылымдарымен қатысып, дипломмен марапатталды;

– 1970 жылы Фрунзе қаласында өткен ІІ Халықаралық қуыршақ театры фестивалінде Ж.Карбоздың «Кербақпай» спектаклі сахналанды;

– 1970 жылы Мәскеу қаласындағы Бүкілодақтың драматургия және театр өнерінің фестивалінде А.Сулкауридың «Приключение Саламуры» спектаклімен өнер көрсетті;

– 1974 жылы Ташкент қаласында өткен ІІІ Халықаралық қуыршақ театрларының фестивалінде О.Әубәкіровтың «Спорт және Қожа» спектаклімен қатысып, «Ең маңызды тақырыптағы спектакль» дипломымен марапатталды;

– 1975 жылы Фрунзе қаласында өткен қуыршақ театрлары фестивалінде Ж.Қарбозиннің «Кербақпай» спектаклімен қатысып, «Құрмет» дипломымен марапатталды;

– 1975 жылы Бүкілодақтық көрінісінде «Солдатский котелек» спектаклі сахналанды;

– 1979 жылы Ташкент қаласында өткен Халықаралық қуыршақ театр фестивалінде О.Әубәкіровтың «Қожа мен спорт» спектаклі үшін «Ең үздік спектакль» дипломымен марапатталды;

– 1981 жылы Вьетнамда (Кампучия) өткен фестивальде «Аққұс туралы аңыз» спектаклімен өнер көрсетті;

– 1987 жылы Қостанай қаласында өткен І Республикалық қуыршақ театры фестиваліне «Айболит», «Звездочка» қойылымдарымен қатысты;

– 1990 жылы Петропавл қаласында өткен қуыршақ театрлары фестивалінде «Қаңбақ шал» қойылымы «Көрермендер көзайымы» номинациясын иеленді;

 1990 жылы Архангельск қаласында (Ресей) өткен Халықаралық қуыршақ театры фестивалінде «Қаңбақ шал» қойылымы үшін «Құрмет» дипломымен марапатталды;

 1994 жылы Иран Ислам Республикасы Тегеран қаласында өткен Халықаралық қуыршақ фестивалінде «Қаңбақ шал» қойылымымен қатысып, марапатталды;

 1995 жылы Ташкент қаласында өткен Халықаралық фестивальде «Мелодия друзей» спектаклімен қатысып, марапатталды;

 1997 жылы Жезқазған қаласында өткен фестивальде «Али Баба және қырық қарақшы» қойылымымен қатысып, «Үздік спектакль» номинациясына ие болды;

 1998 жылы Павлодар қаласында өткен фестивальде «Құрманғазы» спектаклімен қатысып, марапатталды;

 2000 жылы Атырау қаласында өткен фестивальде «Аққу Жібек» қойылымымен қатысып, марапатталды;

 2003 жылы театр ұжымы Курган қаласында өткен Ресейдегі Қазақстан күндеріне қатысты;

 2004 жылы Ақтөбе қаласында өткен Халықаралық «Алақай» фестиваліне «Атамекен» спектаклімен қатысты;

 2004 жылы Қытай Халық Республикасында гастрольдік сапарда болды;

 2005 жылы Ақтау қаласында өткен «Ортеке» Халықаралық фестивалінде «Большие приключения маленького лягушонка» спектаклімен қатысып, «Ең үздік қойылым» номинациясымен марапатталды;

 2008 жылы Ресейдегі «Театр кукол – XXI век» Ассоциациясының шақыртуымен Мемлекеттік қуыршақ театры Мәскеу қаласы Орталық шығармашылық қызметкерлер үйінде және «Огниво» қуыршақ театрында (Мәскеу) өнер көрсетті;

 2009 жылы ҚХР Гуанчжоу қаласына гастрольдік сапар, сондай-ақ Түркия Республикасы Бурса қаласында өткен «Қарагёз» фестиваліне «Қуыршақ думан» қойылымымен қатысып, марапатқа ие болды;

 2010 жылы Чехия Республикасы Прага қаласында өткен Халықаралық қуыршақ фестивалінде «Қаңбақ шал» қойылымымен қатысып, марапатталды; 

 2011 жылы Жапония Мемлекетінің Иида қаласында Халықаралық қуыршақ театрларының фестивалінде «Қаңбақ шал» қойылымымен қатысып, марапатталды;

 2011 жылы Болгария Республикасы Бургас қаласында өткен фольклорлық фестиваліне «Дала керуені» қойылымымен қатысты;

 2011 жылы Алматы қаласында Дүниежүзілік қуыршақ театрлары карнавалында өнер көрсетті;

 2013 жылы Астана қаласында өткен Ортеке III Халықаралық қуыршақ театрларының фестивалінде «Как лечить львиный страх?» спектаклімен қатысып, «Ең үздік актерлік жұмыс» номинациясымен марапатталды;   

 2014 жылы Қырғызстан Республикасы Бішкек қаласында өткен В.Швембергердің 120 жылдығына арналған фестивальде  «Каштанка» қойылымымен қатысып, «Бас жүлдеге» ие болды;

 2014 жылы Алматы қаласында Дүниежүзілік қуыршақ театрлары карнавалында өнер көрсетті;

 2014 жылы жас режиссерлердің қойылымының арасында «Каштанка» спектаклі «Бас жүлдеге» ие болды;

 2015 жылы өткен ІV Халықаралық қуыршақ фестивалінде Үнді, Грекия, Германия, Түркмения, Грузия т.б. театрларын баса озып, режиссер К.Адыловтың сахналауындағы «Каштанка» қойылымымен «Бас жүлдені» иеленді;

 2017 жылы 25-29 мамыр аралығында театр ұжымы Бішкек қаласында (Қырғызстан) М.Жанғазиев атындағы Мемлекеттік қуыршақ театрының ұйымдастыруымен өткен драматург, режиссер, қуыршақ театрларының негізін салушы Виктор Швембергердің 125-жылдығына орай ІІ Халықаралық «Так-теке» қуыршақ театры фестиваліне қатысып, А.Чеховтың «Каштанка» ертегісі үшін «Классикалық шығарманы қуыршақ жанрында көрсеткені үшін» номинациясымен, қоюшы режиссері К.Адылов «Ең үздік режиссер» номинациясымен, сондай-ақ Қырғыз театр қайраткерлері одағының арнайы дипломымен марапаттады;

 2017 жылдың 28 мамырында Кишинев қаласында (Молдавия) өткен «Под шапкой Гугуцэ» Халықаралық қуыршақ театрлары фестиваліне театр ордасы халық ертегісі «Қаңбақ шалды» жиырма бес мемлекеттен келген өнер өкілдерінің назарына ұсынып, «Ұлттық дәстүрді насихаттағаны үшін» және театр директоры Т.Есеналиев «Үздік менеджер» дипломымен марапатталды;

 2017 жылдың 5-9 маусым аралығында Татарстан Республикасында өткен ХІІІ Халықаралық «Наурыз» фестиваліне драматург Ә.Файзуллаұлының «Алтын адам» эпикалық спектаклімен қатысты;

 Анкара муниципалитетінің ұйымдастыруымен Түркия Республикасында 2017 жылдың 1-9 тамызында өткен Халықаралық VII театрлар фестивалінде театр ұжымы «Қуыршақ думан» қойылымымен қатысып, арнайы дипломмен марапаталды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Түркия мемлекетіндегі елшісі Абзал Сапарбекұлының арнайы алғыс хатына ие болды;

 2017 жылдың 2-8 қыркүйек аралығында Астана қаласында өткен Қайрат Сүгірбеков атындағы І Республикалық драма театрларының жас режиссерлерінің арасында өткен форум-фестиваліне режиссер Р.Жаныаманов сахналаған Ж.Омаровтың «Құлыншақ пен бөлтірік» ертегісімен қатысып, арнайы дипломмен марапатталды;

 2017 жылдың қазан айының 19-27 аралығында Түркия Республикасында өткен III Халықаралық Анкара фестивалінде «Қуыршақ думан» және «Арыстанның үрейін қалай емдейміз?» қойылымдарын ұсынды. Фестиваль барысында қойылымдардан тыс театр артистеріне арнайы дәрістер, семинарлар оқылып, қуыршақ театр өнеріне байланысты көрмелер ұйымдастырылды;

 2018 жылдың ақпан айының 1-15 күндері аралығында Франция, Ұлыбритания, Ресей, Германия, Өзбекстан және Қазақстанның үздік өнер ұжымдары қатысып, бақ сынап, өзара тәжірибе алмасқан «Откровение» V Халықаралық орындаушылық өнер фестиваліне театр ұжымы «Ана жүрегі» спектаклімен қатысып, кәсіби сарапшылардың жоғары бағасына ие болды;

 2018 жылдың сәуір айының 20-22 күндері аралығында Ақтөбе қаласында өткен Т.Ахтановтың 95 жылдығына арналған III Халықаралық «Balausa» фестиваліне өнер ордасы «Ана-Жер Ана» спектаклімен қатысып, алғыс хатқа ие болып, актриса Д.Иса «Әлиман» ролі үшін «Ең үздік дебют» номинациясын иеленді;

 2018 жылдың қыркүйек айының 22-27 күндері аралығында Ақтөбе қаласында өткен «Ассалаумағалейкум – V» Халықаралық қуыршақ театрларының фестиваліне театр ұжымы режиссер А.Зайцев сахналаған «Ана жүрегі» қойылымымен қатысып, «Бас жүлде» мен «Ең үздік қойылым» номинациясын иеленді;

 2018 жылдың 22-29 қазан аралығында театр ұжымы Душанбе қаласында (Тәжікстан) өткен «Чодари хаёл» VI Халықаралық қуыршақ театрларының фестиваліне «Ана жүрегі» қойылымымен қатысты;

 Өнер ордасы 2018 жылдың 10-14 қараша күндері аралығында Өскемен қаласында өткен Рүстем Есдәулетов атындағы II Республикалық театр фестиваліне режиссер А.Салбан сахналаған Еврипдтің «Медея» трагедиясымен қатысып, облыс әкімі атынан Р.Есдәулетов атындағы «Арнайы сыйлық» және «Ең үздік режиссер» номинацияларымен марапатталды;

 2018 жылдың 12-17 қараша күндері аралығында Қырғызстан Республикасы Бішкек қаласында өткен «Айтматов және театр» Халықаралық фестиваліне режиссер Д.Жұмабаева сахналаған «Ана–Жер Ана» қойылымымен қатысып, «Қазылар алқасының арнайы жүлдесі» марапатына ие болды;

 2019 жылдың 26 ақпаны мен 6 наурыз аралығында Ресей Федерациясы, Челябинск қаласында өткен «CHELoBEK ТЕАТРА» кіші формада сахналанатын спектакльдердің VII Халықаралық театр фестиваліне «Ана-Жер Ана» қойылымымен қатысты;

 2019 жылдың маусым айының 1-9 күндері аралығында Қазан қаласында (Татарстан) өткен «Науруз» XIV Халықаралық театр фестиваліне режиссер Д.Жұмабаева сахналаған «Ромео мен Джульетта» спектаклімен қатысты;

 2019 жылдың 20-30 маусым күндері аралығында театр ұжымы XIV Халықаралық «КукART» театр фестивалінде абыроймен өнер көрсетті. 24 маусым күні Ресей Федерациясы, Санкт-Петербург қаласының музыкалық «Зазеркалье» театрының сахнасында «Ана жүрегі» қойылымымен бақ сынаған өнер ордасы «Үздік спектакль» және «Үздік актерлік ансамбль» номинацияларын жеңіп алды;

 2019 жылдың 24-30 қыркүйек күндері аралығында Ресей Федерациясы, Омбы қаласында өткен «В гостях у Арлекина» VI Халықаралық театр фестиваліне театр «Ана жүрегі» спектаклімен қатысты;

 Сондай-ақ, 2019 жылдың 19-27 қазан аралығында Түркия Республикасы, Анкара қаласында өткен V Халықаралық «Анкара» қуыршақ театрлар фестиваліне  «Ана жүрегі» қойылымымен қатысты;

 2019 жылдың 30 қазан – 4 қараша күндері аралығында Көкшетау қаласында өткен «ТеART-Көкше» I Халықаралық театр фестиваліне «Ана жүрегі» қойылымымен өнер көрсетті;

 2019 жылдың 15-18 желтоқсан күндері аралығында Қарағанды қаласында өткен «Кукляндия» I Халықаралық қуыршақ театрлар фестиваліне «Қуыршақ думан» қойылымымен қатысты;

–  2019 жылы «Халықаралық театр сыншылар» бірлестігінің «Қазақстан театрлары» мониторингі қорытындысының нәтижесінде театр ұжымы «Жылдың БАҚ-пен үздік жұмыс жасаған театры» номинациясын иеленді;

 –  2019 жылы «Халықаралық театр сыншылар» бірлестігінің «Қазақстан театрлары» мониторингі қорытындысының нәтижесінде театр ұжымы «Жылдың БАҚ-пен үздік жұмыс жасаған театры» номинациясын иеленді;

 Сонымен қатар, 2020 жылдың ақпан айының 13 күні театр ұжымы режиссер Д.Бурман сахналаған «Айко және Страшко» қойылымы үшін Халықаралық театр сыншылары бірлестігінің «Сыншылар жүлдесімен» марапатталды;

 2020 жылдың 17-25 қазан аралығында онлайн форматта өткен VI Халықаралық «Анкара» қуыршақ театрлар фестиваліне «Ромео мен Джульетта» спектаклімен қатысып, дипломант атанды;

 2021 жылдың қаңтар айында Халықаралық театр сыншылары бірлестігінің «Сыншылар жүлдесімен» «Үйшік» спектаклі – Үздік балаларға арналған қойылым» номинациясы бойынша марапатталды;

 2021 жылдың 27 наурыз күні театр ұжымы «Қырғыз авторының шығармасын ең үздік сахналаған шет елдік театр» номинациясы бойынша «Ана-жер Ана» спектаклімен Қырғызстан Республикасының «ЭРГУУ-2021» ұлттық театр жүлдесін иеленді;

 2021 жылдың маусым айының 7-13 күндері аралығында Қазан қаласында (Татарстан) өткен «Науруз» XV Халықаралық театр фестиваліне режиссер А.Зайцев сахналаған «Мен бір жұмбақ адаммын... Абай» спектаклімен қатысты;

 Театр ұжымы 2021 жылдың 22-30 маусым күндері аралығында Ресей Федерациясы Санкт-Петербург қаласында өткен КУКART XV Халықаралық қуыршақ және синтетикалық театрлар фестиваліне «Ромео мен Джульетта» (реж.:Д.Жұмабаева) спектаклімен қатысып, «Уильям Шекспир шығармасының қазақ тіліндегі ерекше оқылымы» номинациясымен марапатталды;

 2021 жылдың 4-8 қазан күндері аралығында Көкшетау қаласында өткен «ТеART-Көкше» ІІІ Халықаралық театр фестиваліне «Мен бір жұмбақ адаммын... Абай» (реж.:А.Зайцев) спектаклімен бақ сынап, «Үздік режиссер» номинациясын иеленді;

 2021 жылдың 11-16 қазан аралығында Қарағанды қаласында өткен Әшірбек Сығай атындағы «Сын – шын болсын» республикалық театрлар фестивалінде «Ромео мен Джульетта» (реж.: Д.Жұмабаева) спектаклімен қатысып, жүлделі I орынға ие болды;

 Қазан айының 19-26 күндері аралығында Түркия Республикасы Анкара қаласында өткен VII Халықаралық «Анкара» қуыршақ театрлары фестиваліне өнер ордамыз театр репертуарындағы ересектерге арналған «Макбет. Иллюзия» (реж.: Д.Жұмабаева) және балаларға арналған «Үйшік» (реж.: А.Зайцев) спектакльдерімен қатысты;

–  2022 жылдың 11-17 сәуірінде қуыршақ театры «Ромео мен Джульетта» (реж. Д. Жұмабаева) спектаклімен Алматы қаласында өткен «Тотал театр» театрының «Махаббат туралы спектакльдер апталығы» атты фестиваліне қатысып, «Сүйікті спектакль» номинациясын жеңіп алды;

–  2022 жылдың 20-25 сәуірінде қуыршақ театры ересектерге арналған «Макбет. Иллюзия» (реж. Д. Жұмабаева) спектаклімен Ақтөбе қаласында өткен V Халықаралық «BALAUSA» эксперименталды спектакльдер фестиваліне қатысып, «Үздік қойылым», «Үздік сценография» номинациялары бойынша Гран-При жеңіп алды;

–  2022 жылдың 20-30 мамырында Түркия Республикасының Конья қаласында өткен XIV Халықаралық түркітілдес елдерінің «Мың тыныс – бір дауыс» театр фестиваліне қуыршақ театры «Макбет. Иллюзия» (реж. Д. Жұмабаева) қатысып, арнайы дипломға ие болды.

– 2022 жылдың 14 маусымында қуыршақ театрының ұжымы Қазақстан Театр қайраткерлері Одағының ұйымдастыруымен өткен «Еңлікгүл-2022» кәсіби театр сыйлығының марапаттау рәсімінде «Үздік театр» номинациясына ие болды.

–  2022 жылдың 20-23 қыркүйегінде қуыршақ театры «Мен бір жұмбақ адаммын... Абай» (реж.: А.Зайцев) спектаклімен VI Халықаралық «Ассалаумағалейкум» қуыршақ театрлар фестиваліне қатысып, «Ересектерге арналған ең үздік қойылым» номинациясы бойынша "Гран-При" жүлделі орнына ие болды;

–  2022 жылдың 20-23 қыркүйегі аралығында қуыршақ театры ІІ Халықаралық «Abish alemi» театр фестиваліне «Ромео мен Джульетта» (реж.: Д.Жұмабаева) спектаклімен қатысып, «Үздік режиссерлік жұмыс» номинациясына ие болды;

– 2022 жылдың 23-25 қыркүйегі аралығында қуыршақ театрының артисі Болат Момынжанов «Қуыршақ» моноспектаклімен Хадиша Бөкееваның туғанына 105 жыл толуына орай Орал қаласында ұйымдастырылған «І Республикалық моноспектакльдер фестиваліне» қатысып, арнайы дипломмен марапатталды. 

– 2022 жылдың 1-6 қазан аралығында қуыршақ театры Болгария Республикасының Варна қаласында өткен XVIII Халықаралық «Алтын дельфин» қуыршақ фестиваліне «Ромео мен Джульетта» (реж.: Д.Жұмабаева) спектаклімен қатысып, ересекдерге арналған қойылымдар секциясы бойынша «Гран-При» жүлделі орнына ие болды. Спектакльде Тибальт, Лоренцо, Капулетти, Монтекки, Бенволио рольдері үшін артист Шохан Құлназаров «Ең үздік ер адам» номинациясын иеленді. Ал Ромео мен Джульетта рольдеріндегі жас артисттер Ұлан Асанбек пен Ұлпан Серік «Ең үздік дебют» номинациясына ие болды. 

– 2022 жылы 15-23 қазан аралығында қуыршақ театры Түркия астанасында өткен VIII халықаралық "Анкара" қуыршақ театрлары фестиваліне ересектерге арналған "Шал мен теңіз" спектаклімен (реж.: Д. Жұмабаева) және балаларға арналған "Қаңбақ шал"қойылымымен қатысып, қатысқаны үшін арнайы дипломға ие болды. 

– 2022 жылы 25-29 қазан аралығында қуыршақ театры Көкшетау қаласында өткен IV халықаралық "ТеART-Көкше" театр фестиваліне ересектерге арналған "Макбет. Иллюзия" (реж.: Д. Жұмабаева) спектаклімен қатысып өнер көрсетті. Фестиваль нәтижесінде театрымыздың артисі Шохан Құлназаров Макбет ролі үшін "Яков Куклинский атындағы арнайы сыйақыға" ие болды. 

– 2022 жылы желтоқсан айында Халықаралық Театр Сыншылары бірлестігінің шешімімен "Сыншылар жүлдесі" 2022 жыл қорытындысы бойынша театрымыздың артисті, Мәдениет саласының үздігі Бақытжан Қаюов "Шал мен теңіз" спектакліндегі Шал рөлі үшін "Қуыршақ театрының жыл актері" номинациясын, ал қазақ халық ертегісі желісімен сахналанған "Ұр, тоқпақ!" (реж.: Е.Қабдыл) спектаклі "Қуыршақ театрының жыл қойылымы" номинациясын иеленді.

– 2023 жылы сәуір айында "Тотал театр" театр компаниясы ұйымдастырған Халықаралық "TOTAL FEST: Действующее лицо" фестиваліне театрымыз "Мен бір жұмбақ адаммын... Абай" (реж.: А.Зайцев) спектаклімен қатысып, арнайы дипломға ие болды. Сонымен қатар, театр артисі Руслан Абу көрермен дауыс беруі нәтижесінде аталмыш спектакльдегі Икар рөлі үшін "Ең сүйікті актер" номинациясын иеленді.  

- 2023 жылы 22-28 сәуір аралығында қуыршақ театры VI Халықаралық "Ортеке" қуыршақ театрлары фестиваліне "Мен бір жұмбақ адаммын... Абай" (реж.: А.Зайцев) спектаклімен қатысып, "Ең үздік актерлік шеберлік" номинациясын иеленді. 

- 2023 жылы 7-10 маусым аралығында қуыршақ театры Атырау қаласында өткен Чапай Зұлхаш атында І Республикалық режиссерлер мен сценографтар фестиваліне ересектерге арналған "Медея" (реж.: А.Салбан) қойылымымен қатысып, спектакль суретшісі А.Жүсіпәлі "Үздік сценограф" номинациясына ие болды.

- 2023 жылы 13 маусым күні театр режиссері әрі көркемдік жетекшісі Е.Қабдыл "Балаларға арналған спектакльдегі жылдың ең үздік шығармашылық жұмысы" номинациясы бойынша, ал театр режиссері А.Зайцев "Жылдың ең үздік режиссері" номинациясы бойынша "Еңлікгүл-2023" театр өнерінің кәсіби сыйлығына ие болды;

– 2023 жылы 25-29 маусым аралығында Астана қаласында өткен ІІІ Халықаралық «Құралай» қуыршақ театрлар фестиваліне өнер ордамыз «Қуыршақ» психологиялық моноспектаклімен қатысып, басты рөлді сомдаушы артист Болат Момынжанов «Үздік ер адам рөлі» номинациясына ие болды;

– 2023 жылы 30 шілде мен 5 тамыз аралығында театр ұжымы Болгария Республикасы Бургас қаласында өткізілген Х Халықаралық «Қуыршақ күндері» ашық аспан астындағы қуыршақ театрлары фестиваліне «Қуыршақ думан» (реж.: Қ.Ешмұратова, С.Шүкіров) спектаклімен қатысып, ГРАН-ПРИ жүлдесіне ие болды;

– 2023 жылы 9-13 қыркүйек аралғында Ресей Федерациясы Рязань қаласында өткен ХІХ Халықаралық «Рязань көрсетілімдері» қуыршақ театрлар фестиваліне өнер ордамыз «Шал мен теңіз» (реж.: Д.Жұмабаева) спектаклімен қатысып, арнайы дипломға ие болып, үздік танылды;

–  2023 жылы 9-15 қазан аралығында театр үжымы Петропавл қаласында өткен Темірбек Жүргеновтің 125 жылдығына арналған Қазақстан драма театрларының ХХІХ Республикалық фестиваліне  «Шал мен теңіз» (реж.: Д.Жұмабаева) спектаклімен қатысып, қатысқаны үшін арнайы дипломға, сонымен қатар басты рөлді сомдаушы Б.Қаюов Сантьяго рөлі үшін «Үздік ер адам рөлі» номинациясына ие болды;

 2023 жылы 11-16 желтоқсан аралығында театр ұжымы Түркия Республикасы, Бурса қаласында өткен ХХ Халықаралық «Бурса Қарагөз» Қуыршақ және Көлеңкелі театрлар фестиваліне «Қуыршақ думан» спектаклімен қатысып, арнайы сыйлыққа ие болды; 

 2023 жылы 22 желтоқсанда «Ұр, тоқпақ!» қойылымы «Үздік балалар спектаклі (шағын көлемді)» номинациясы бойынша «UMAI - 2023» ұлттық сыйлығына ие болды. 

 

2013 жылы театр ғимараты күрделі қайта жөндеуден өтіп, көрерменге өз есігін ашты. Бүгінгі таңда заманауи шеберханамен жабдықталған екі зал қызмет жасайды. Үлкен зал – 214, кіші зал – 60 орынды құрайды.

 

Мемлекеттік қуыршақ театрының бүгінгі таңдағы шығармашылық құрамында режиссерлер О.Ақжарқын-Сәрсенбек, А.Зайцев, Е.Қабдыл қызмет атқарады. Актерлік құрамында – 31 актер, оның ішінде: 1 – Қазақстанның Еңбек сіңірген артисі, 3 – ҚР Мәдениет қайраткері, 2 – «Еңлікгүл» кәсіби театр сыйлығының, 1 – «Серпер» Жастар сыйлығының иегерлері, «Сахнагер – 2018» Ұлттық театр сыйлығының «Үздік қуыршақ актері» – 1, «Сахналық ғұмыр» –1, «Үміт» – 1, «Сахнагер – 2019» Ұлттық театр сыйлығының «Үздік менеджер»  – 1, 1 – «Үміт» номинациясының және 7 – Мәдениет саласының үздігі иегерлері бар.

 

2022 жылдың ақпан айынан бастап театр директоры қызметін Алмат Абдрахманов атқарып келеді. Көркемдік жетекші – белгілі режиссер Еркебұлан Қабдыл.