Ертегілер әлеміне құштар, ізгілікке сенетін кез келген адам Қуыршақ театрының билеттерін алуға асығады. Мұнда адамның жасына қатысты шектеу жоқ. Театрға келуші әр қойылымнан өзі іздеген жан тыныштығын табады, ерекше көңіл күйге бөленеді! Балалар әлемі ең көңілді, ең шынайы әлем! Ал қоғам осындай тазалыққа құштар!

Есте сақта, балақай!

Жанр: Ақпараттық-танымдық ертегі
Автор: Назерке Құмарғалиева
Режиссер: Еркебұлан Қабдыл
+3

Қоғам өмірінде маңызды орын алатын, әрбір адам білуге және ұстануға тиіс салауатты өмір салты, дұрыс тамақтану, өрт қауіпсіздігі және жол жүру ережелерін қаншалықты жетік білеміз?! Күнделікті өмірде осы ережелерді қатаң сақтап жүрміз бе?! Бүлдіршіндер қызығушылығына сай интерактивті бағытта сахналанған «Есте сақта, балақай!» ақпараттық-танымдық қойылымы осы сауалдарға жауап іздейді. Астары терең тәрбиеге ие жауапкершілікке, тазалыққа, жан-жақтылыққа, кішіпейілділікке шақыратын қойылым көрермендерді бейжай қалдырмасы анық.