Ертегілер әлеміне құштар, ізгілікке сенетін кез келген адам Қуыршақ театрының билеттерін алуға асығады. Мұнда адамның жасына қатысты шектеу жоқ. Театрға келуші әр қойылымнан өзі іздеген жан тыныштығын табады, ерекше көңіл күйге бөленеді! Балалар әлемі ең көңілді, ең шынайы әлем! Ал қоғам осындай тазалыққа құштар!

Түйме қыз

Жанр: Ертегі
Автор: Х.К.Андерсон
Режиссер: Н.Дубс
+6

Даттық жазушы Х.К.Андерсонның «Түйме қыз» ертегісі таңғажайып гүлдің ішінен пайда болған, кішкентай саусақтың биіктігіндей ғана әдемі, мейірімді қыз туралы. Сан қилы оқиғаны бастан кешкен ертегі кейіпкеріне қосмекенділердің арбауынан құтылуға жылы жақта мекендейтін керемет жаратылыс иелері – эльфтер қол ұшын созады. Әсерлі ертегінің желісіне құрылған қойылым бүлдіршіндерді қиялға жетелеп, тамаша көрініс тарту етеді.