Ертегілер әлеміне құштар, ізгілікке сенетін кез келген адам Қуыршақ театрының билеттерін алуға асығады. Мұнда адамның жасына қатысты шектеу жоқ. Театрға келуші әр қойылымнан өзі іздеген жан тыныштығын табады, ерекше көңіл күйге бөленеді! Балалар әлемі ең көңілді, ең шынайы әлем! Ал қоғам осындай тазалыққа құштар!

Күлше қыз

Жанр: Ертегі
Автор: Д.Балаян
Режиссер: Антон Зайцев
+7

Мемлекеттік қуыршақ театры бүлдіршіндердің ең сүйікті ертегілерінің бірі «Күлше қыз» қойылымын ұсынады. Ертегіде ғажайып оқиғалар орын ала отырып, жақсылық жеңіске жетеді. Қызықты әрі шытырман оқиғаларды қамтитын қойылым және сахнадағы қызықты ойындар мен әсем әндер бүлдіршіндерге ұмытылмас мерекелік көңіл-күй сыйлайды! Ғажайып ертегі кейіпкерлері көрермендерді зор құрметпен қарсы алып, түрлі би, танымдық ойындарымен қуантатын болады.