Ертегілер әлеміне құштар, ізгілікке сенетін кез келген адам Қуыршақ театрының билеттерін алуға асығады. Мұнда адамның жасына қатысты шектеу жоқ. Театрға келуші әр қойылымнан өзі іздеген жан тыныштығын табады, ерекше көңіл күйге бөленеді! Балалар әлемі ең көңілді, ең шынайы әлем! Ал қоғам осындай тазалыққа құштар!

«Театр әлемі» бағдарламасы аясында Қуыршақ театры туралы деректі фильм

15 Қараша 2020

 

Құрметті көрермен! Сіздің назарыңызға «Театр әлемі» телебағдарламасы аясында Қуыршақ театры жөнінде түсірілген деректі фильмді ұсынамыз!

 

«АBAITV» телеарнасының «Театр әлемі» бағдарламасы көрермендерді еліміздегі әралуан театрлармен таныстыруға бағытталған. Алматы қаласындағы Мемлекеттік Қуыршақ театры аталмыш бағдарламаның кезекті бөліміне тақырып болып, жиырма минуттық деректі туынды телеарна жанкүйерлеріне көрсетілген болатын. Деректі фильм аясында көрермендер Қуыршақ театрының тарихымен қатар ішкі асүйіне ерекше көңіл бөлініп, қуыршақ жасау, оларды сақтау, киім тігу, сахнаны безендіру, дыбыс және жарық қою, артисттерді гримдеу сынды бөлімдердің жұмыстарымен танысады. Артисттердің қуыршақ жүргізулеріне, солар сияқты сөйлеп және ән шырқауларына куә болады. «Арыстанның үрейін қалай емдейміз?» қойылымынан үзінділер көрсетіп, спектакльдің қалай пайда болғаны жөнінде ақпарат алады. Және де көрермен сүйкімді бір қуыршақтың монологынан үзінді естиді. Деректі фильм көңілдеріңізден шығады деп үміттенеміз!