Ертегілер әлеміне құштар, ізгілікке сенетін кез келген адам Қуыршақ театрының билеттерін алуға асығады. Мұнда адамның жасына қатысты шектеу жоқ. Театрға келуші әр қойылымнан өзі іздеген жан тыныштығын табады, ерекше көңіл күйге бөленеді! Балалар әлемі ең көңілді, ең шынайы әлем! Ал қоғам осындай тазалыққа құштар!

«Таңғы студио» бағдарламасында «Тәуелсіздік құрдасы» мерекелік айдары

17 Желтоқсан 2020

 

Құрметті көрермен! Сіздің назарыңызға «Таңғы студио» бағдарламасының Тәуелсіздік күні қарсаңында көрсеткен «Тәуелсіздік құрдасы» атты айдары видеосын ұсынамыз!

 

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толғанына орай, «AlmatyTV» телеарнасының «Таңғы студио» бағдарламасында «Тәуелсіздік құрдасы» атты мерекелік айдар көрсетілген болатын. Қазақстанның тәуелсіздікке қол жеткізген кезінде, яғни 1991 жылы дүниеге келген, қоғамдық маңызы бар салаларда еңбектенетін азаматтардың есімдерін дәріптеу осы бір айдардың басты мақсаты болып табылады. «Тәуелсіздік құрдасы» қаһарманы болу осы ретте театрымыздың әкімшілік-ақпарат бөлімі басшысы – Гүлім Көпбайқызына бұйырған еді. Айтарлықтай ұзақ емес айдар барысында Гүлім ханым өзі туралы, шығармашылығы қызметі жөнінде, Қуыршақ театры хақында айтып өтеді. Жоғарыдағы бейнебаяннан сол айдарды тамашалай аласыздар!