Ертегілер әлеміне құштар, ізгілікке сенетін кез келген адам Қуыршақ театрының билеттерін алуға асығады. Мұнда адамның жасына қатысты шектеу жоқ. Театрға келуші әр қойылымнан өзі іздеген жан тыныштығын табады, ерекше көңіл күйге бөленеді! Балалар әлемі ең көңілді, ең шынайы әлем! Ал қоғам осындай тазалыққа құштар!

«”Абай жолын” бірге оқиық» ТВ бағдарламасы, 63 бөлім

22 Қазан 2020

 

Құрметті театр сүйер қауым! Сіздердің назарларыңызға «”Абай жолын” бірге оқиық» бағдарламасының 63 бөлімін ұсынамыз!

Қазақ елінің белгілі де құрметті философы әрі ақыны Абай Құнанбайұлының атымен аталатын, өз жұмысын 2020 жылы жаңадан бастаған «АBAI TV» телеарнасы жоғарыда аталып өткен тұлғаның 175 жылдық мерейтойына орай оның мұрасын дәріптеу мақсатында «"Абай жолын" бірге оқиық» атты бағдарламаны іске қосылған болатын. Осы бір бағдарлама аясында еліміздің белгілі тұлғалары мен әралуан салалар бойынша еңбектенетін азаматтары қазақтың жазушысы Мұхтар Әуезовтың төрт томдық "Абай жолы" роман-эпопеясынан үзінді оқиды. Үзінді оқыған адамдар қатарында Мемлекеттік қуыршақ театрының артисттері де, режиссерлері де бар. Жоғарыдағы бейнебаянда театрымыздың Гүлбаршын Өнімбай мен Арайлым Байырбекова есімді артисттері және Еркебұлан Қабдыл атты режиссері «Абай жолы» роман-эпопеясы бірінші кітабының жетінші тарауынан үзінді оқиды.