Ертегілер әлеміне құштар, ізгілікке сенетін кез келген адам Қуыршақ театрының билеттерін алуға асығады. Мұнда адамның жасына қатысты шектеу жоқ. Театрға келуші әр қойылымнан өзі іздеген жан тыныштығын табады, ерекше көңіл күйге бөленеді! Балалар әлемі ең көңілді, ең шынайы әлем! Ал қоғам осындай тазалыққа құштар!

Театр артисі Руслан Абу «Ең сүйікті актер» атанды!

17 Сәуір 2023

«Тотал театр» ұжымы ұйымдастырған «TOTAL FEST. Действующее лицо» фестивалі аясында көрермен дауыс беруі нәтижесінде Мемлекеттік қуыршақ театрының дарынды артисі Руслан Абу «Мен бір жұмбақ адаммын... Абай» спектакліндегі Икар рөлі үшін «Ең сүйікті актер» номинациясына ие болды.

 

Әріптесімізді шын жүректен құттықтап, шығармашылық жетістіктерге жете беруіне тілек білдіреміз!