Ұзақ жылдар бойы Мемлекеттік қуыршақ театрының көркемдік жетекшісі қызметін белгілі режиссер, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Оразәлі Ақжарқын-Сәрсенбек атқарып келген болатын. Ал ағымдағы 2022 жылдың маусым айында аталмыш қызметке белгілі режиссер, бірнеше халықаралық және республикалық театр фестивальдерінің лауреаты Дина Жұмабай тағайындалды.
Жұмабаева Дина Құнанбайқызы 1986 жылдың 14 сәуірінде Ақмола облысы, Көкшетау қаласында дүниеге келген.
2002-2006 жылдары - Ақан сері атындағы Мәдениет колледжінің «Театр артисі» мамандығын тәмамдаған;
2006-2011 жылдары - Қазақ ұлттық өнер университетінде «Театр режиссері» мамандығы бойынша білім алған;
2011-2014 жылдары - С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық Қазақ драма театрында режиссер және бас режиссер. Сондай-ақ, К.С.Станиславский атындағы Қарағанды облыстық орыс драма театрында бас режиссер қызметін атқарған.
2014-2016 жылдары - Н.Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық драма театрының режиссері;
2019-2021 жылдары - Қостанай облыстық орыс драма театрының бас режиссері.
2021-2022 жылдары - Мемлекеттік академиялық музыкалық корей театрының режиссері;
2021-2022 жылдары - Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының режиссері қызметтерін атқарды.