1935 жылы Алматы қаласында (ол кезде Алма Ата деп аталған) алғаш рет қуыршақ театры өз есігін ашады. Кейіннен ол ұзақ жылдар бойы кішкентай балаларға арналған қойылымдарды сахналаумен айналысты. Қазіргі 2022 жылдың өзінде де Мемлекеттік қуыршақ театры жас көрермендерді сиқырлы, көңілді, танымдық-тәрбиелік қойылымдармен көрсетіп келеді. Спектакльдерден басқа қуыршақ театры балаларға аниматорлық көріністерді, ойындар мен билерды, мерекелік іс-шараларды, қайырымдылық акцияларды және т. б. ұсынып келеді.
Жақында "1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні" атты қуыршақ театры үшін ерекше мереке болады. Аталған мереке 1949 жылы қарашада Париж қаласында тойлануға ұсынылды және бір жылдан кейін алғаш рет атап өтілді. Бұл мереке балалардың проблемалары мен қажеттіліктері туралы саналы түрде сөйлесу үшін, сондай-ақ оларға керемет, сиқырлы, шабыттандыратын уақыт ұйымдастыру үшін қалыптасқан.
Осы мақсатта қуыршақ театры жазғы маусымның алғашқы күнінде "Қуыршақ думан" қойылымының қайырымдылық көрсетілімін өткізбек. 1 маусымда Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары әлемдік деңгейдегі танымал жұлдыздардың қуыршақтар бейнесінде өнерін көрсететін "Қуыршақ думан" атты керемет концерттік спектакльді екі рет тамашалай алады. Сонымен қатар, бұл күні театрдағы балалар ойнай алатын, билей алатын, сыйлықтар иеленетін мерекелік іс-шара өтеді.
Осы мерекемен бірге қуыршақ театрында жаңа театр маусымының ашылуы өткелі жатыр. Бұл тұрғыда мемлекеттік қуыршақ театры ерекше. Көктемнің соңында басқа театрлар театр маусымдарын жауып, жазғы демалысқа шыққанда, қуыршақ театры бәрін керісінше жасайды. Бұл театр жаңа 87 маусымын ашады және жаз мезгілінде де көрермендерді қуантуды жалғастырады. Жаз - бұл демалыс пен релаксация ұғымдарымен тығыз байланыстағы уақыт кезеңі. Жаз айларында театр ұжымы жұмысын жалғастыра отырып, көрермендерге демалыс күндерін жақсылап өткізулеріне мүмкіндік береді.