Ертегілер әлеміне құштар, ізгілікке сенетін кез келген адам Қуыршақ театрының билеттерін алуға асығады. Мұнда адамның жасына қатысты шектеу жоқ. Театрға келуші әр қойылымнан өзі іздеген жан тыныштығын табады, ерекше көңіл күйге бөленеді! Балалар әлемі ең көңілді, ең шынайы әлем! Ал қоғам осындай тазалыққа құштар!

27 наурыз – Халықаралық театр күніне орай театрдың бірқатар қызметкерлері марапатталды

25 Наурыз 2022

27 наурыз – Халықаралық театр күніне орай, Мемлекеттік қуыршақ театры ұжымының бірқатар қызметкерлері театрды дамытудағы адал еңбектері үшін арнайы алғыс хаттармен марапатталды:

- «AMANAT» партиясы Алматы қалалық филиалы атқарушы хатшысы Қ.Бисембаев атынан: Е.Жүнісова, Б.Қаюов, М.Тәуекелова, Б.Момынжанов, А.Жақыпбаев;

- Медеу ауданы әкімінің орынбасары А.Нұрлыбаев атынан: А.Сақтағанова, Ж.Ахметова, Ж.Байменкеева, Ж.Сарпеков, А.Қайранбеков;

- Алматы қаласы Мәслихатының хатшысы С.Канкуровтың атынан: Р.Кенжебаева, Ж.Нұрмағанбетова, Ж.Қаламбаев, Б.Әлкеева;

- Театр қайраткерлері одағының Төрағасы Т.Жаманқұловтың атынан: С.Есболаева, А.Жүсіпәлі, Е.Қабдыл, О.Әбдібаев, Е.Рамазан;

- Мемлекеттік қуыршақ театрының директорының м.а. А.Абдрахмановтың атынан: А.Белғожаева, А.Тоқтарова, Д.Амантай, А.Серікболова, А.Құлмұрзаева.

Арнайы салтанатты жиынға келген «AMANAT» партиясы Алматы қалалық филиалы атқарушы хатшысы Қайрат Әшірәліұлы мен Медеу ауданы әкімінің орынбасары Айдос Асқарұлына зор алғыс білдіреміз!

 

Барша әріптестерімізді марапаттарымен құттықтаймыз! Шығармашылық өрлеу мен толағай табыстар тілейміз!