Ертегілер әлеміне құштар, ізгілікке сенетін кез келген адам Қуыршақ театрының билеттерін алуға асығады. Мұнда адамның жасына қатысты шектеу жоқ. Театрға келуші әр қойылымнан өзі іздеген жан тыныштығын табады, ерекше көңіл күйге бөленеді! Балалар әлемі ең көңілді, ең шынайы әлем! Ал қоғам осындай тазалыққа құштар!

"Жыр қанатында" поэзия оқудан онлайн байқаудың жеңімпаздары

9 Ақпан 2022

Балалар жылы аясында қазақ поэзиясының хантәңірі -  Мұқағали Мақатаевтың жырларына негізделген қалалық «ЖЫР ҚАНАТЫНДА» поэзия оқудан өткізілген онлайн байқау өз мәресіне жетті. 

Байқауға қаламыздың Алатау, Бостандық, Медеу, Түрксіб, Алмалы аудандарына қарасты жалпы білім беретін мектептерден 7-16 жас аралығындағы 170-тен астам оқушы қатысты. 

Театр әкімшілігінің бекітуімен арнайы құрылған шығармашылық комиссияның байқау талаптарына негізделе жан-жақты сараптау нәтижесінде 9 ҮЗДІК қатысушы іріктелді:

 

ТЛЕУХАН АЙСҰЛТАН АЛМАТҰЛЫ - №173 мектеп-лицейдің 2 «Б» сынып оқушысы;

 

МҰҚАШЕВА АДИНА - «Тәлім» білім беру орталығының 2 «А»  сынып оқушысы;

 

НҰРАХМЕТ МҰСТАФА - №156 мектептің 2 «А» сынып оқушысы;

 

ОХОН МУБИНА ИБРОХИМХОДЖАҚЫЗЫ - №169 мектеп-лицейдің 2 «Д» сынып оқушысы;

 

ДАРХАН БАКИТХАН - Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектептің 3 сынып оқушысы;

 

ӘНУАРБЕК АЙЗЕРЕ - №182 мектептің 7 «Г»  сынып оқушысы;

 

ЕРГЕШОВА АҚБОТА - №152 мектеп-гимназиясының 8 «Ж» сынып оқушысы;

 

ЖАРҚЫНБЕК ДИАНА  АЙБЕКҚЫЗЫ - Қ.Сәтпаев атындағы орта мектептің 10 «Ә» сынып оқушысы;

 

СЕРІК НҰРЖАН - №149 мектептің 11 «В» сынып оқушысы.

 

Жеңімпаздар театр әкімшілігі атынан естелік сыйлықтармен, арнайы ДИПЛОМДАРМЕН, жетекшілері АЛҒЫС ХАТТАРМЕН марапатталды.

 

Поэзия әлемінің хас жүйріктері додаға түскен аламан бәйгеде жеңімпаз атанған оқушыларға толағай табыстар мен биік белестер тілейміз!

 

Байқауға қатысқан барша қатысушыларға зор алғыс білдіреміз!