Ертегілер әлеміне құштар, ізгілікке сенетін кез келген адам Қуыршақ театрының билеттерін алуға асығады. Мұнда адамның жасына қатысты шектеу жоқ. Театрға келуші әр қойылымнан өзі іздеген жан тыныштығын табады, ерекше көңіл күйге бөленеді! Балалар әлемі ең көңілді, ең шынайы әлем! Ал қоғам осындай тазалыққа құштар!

«Балаларға арналған ең танымал іс-шара» номинациясын иелендік

30 Желтоқсан 2021

Қадірлі көрермендер! Жылды жағымды жаңалықпен аяқтаймыз. Мемлекеттік #ҚУЫРШАҚ театры 2021 жыл қорытындысы бойынша "БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЕҢ ТАНЫМАЛ ІС-ШАРА" номинациясын иеленді!

Республикалық балаларға арналған іс-шаралар арасынан көрермендерінің сүйіктісіне айналып, танымалдылыққа ие болған қуыршақ қойылымдары ҮЗДІК атанды!

Балалардың жарқын болашағы үшін еңбек ететін театр ұжымын кезекті жүлдесімен құттықтаймыз! Еліміздегі ең үздік онлайн билет сату жүйесі #ТИКЕТОН бірлестігіне алғыс білдіре отырып, көрермендерге ұсынар қызықты қойылымдарыңыз көп болсын деп тілейміз!