Ертегілер әлеміне құштар, ізгілікке сенетін кез келген адам Қуыршақ театрының билеттерін алуға асығады. Мұнда адамның жасына қатысты шектеу жоқ. Театрға келуші әр қойылымнан өзі іздеген жан тыныштығын табады, ерекше көңіл күйге бөленеді! Балалар әлемі ең көңілді, ең шынайы әлем! Ал қоғам осындай тазалыққа құштар!

«Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалі табысталды...

15 Желтоқсан 2021

Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 2 желтоқсандағы Жарлығы бойынша "ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 30 ЖЫЛ" мерекелік медалімен театрдың ардагер өнерпазы, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі САБИЛА АБУЕВА, театрдың көркемдік жетекшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері ОРАЗӘЛІ АҚЖАРҚЫН-СӘРСЕНБЕК, театр директоры, Қазақстанның мәдениет қайраткері ТАЛҒАТ ЕСЕНАЛИЕВ наградталды!

Барша әріптестерімізді марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз! Еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық тілейміз!