Алматы қаласы Бас санитарлық дәрігері Ж.Бекшиннің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізуіне байланысты 2020 жылдың 26 қазан күнінен бастап:
ТЕАТР ҚОЙЫЛЫМДАРЫНА 50 КӨРЕРМЕН ҚАМТЫЛУ ЕРЕЖЕСІ ЕНГІЗІЛДІ.
Сонымен қатар, театр ғимаратына келгенде келесі шараларды орындау арқылы өзіңіздің және жақындарыңыздың денсаулығын сақтай аласыз:
- Театр фойесіне өтпес бұрын арнайы құрылғы арқылы дене қызуын өлшету;
- Көрермендер залында арақашықтық сақталып, билетте көрсетілген орынға отыру;
- Балалар мен олардың ата-аналары үшін театр фойесінде орналасқан дезинфекциялық санитазейлерді пайдалану;