Ертегілер әлеміне құштар, ізгілікке сенетін кез келген адам Қуыршақ театрының билеттерін алуға асығады. Мұнда адамның жасына қатысты шектеу жоқ. Театрға келуші әр қойылымнан өзі іздеген жан тыныштығын табады, ерекше көңіл күйге бөленеді! Балалар әлемі ең көңілді, ең шынайы әлем! Ал қоғам осындай тазалыққа құштар!

Talantty zhastar

24 Тамыз 2020
Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы қарсаңында ұйымдастырылған "Talantty zhastar" Халықаралық өнер және білім байқауында "Көркем сөз" бөлімі бойынша БАС ЖҮЛДЕ иемденген театрымыздың жас буын артисі МЕЙІРХАН БАТЫРХАНОВТЫ құттықтаймыз! Әрдайым абырой биігінен көріне бергейсіз!
Ізгі тілекпен, Мемлекеттік қуыршақ театры ұжымы