Ертегілер әлеміне құштар, ізгілікке сенетін кез келген адам Қуыршақ театрының билеттерін алуға асығады. Мұнда адамның жасына қатысты шектеу жоқ. Театрға келуші әр қойылымнан өзі іздеген жан тыныштығын табады, ерекше көңіл күйге бөленеді! Балалар әлемі ең көңілді, ең шынайы әлем! Ал қоғам осындай тазалыққа құштар!

Шұғыл хабарландыру!

13 Наурыз 2020

Құрметті көрермендер! Қазіргі уақытта әлемде COVID19 вирусына қатысты қалыптасқан жағдайға орай, елімізде вирустың таралуына жол бермеу және алдын алу мақсатында "Мемлекеттік қуыршақ театры" КМҚК репертуарындағы қойылымдар көрсетілімін 13.03.2020 бастап, белгісіз уақыт мерзіміне дейін тоқтататынын хабарлайды. Театр кассасынан және онлайн сатып алынған билеттер (chocolife, ticketon) ақшасы қайтарылады немесе алдағы уақытта болатын кез-келген қойылымға жарамды екенін естеріңізге саламыз. 

 

Театр әкімшілігі