Ертегілер әлеміне құштар, ізгілікке сенетін кез келген адам Қуыршақ театрының билеттерін алуға асығады. Мұнда адамның жасына қатысты шектеу жоқ. Театрға келуші әр қойылымнан өзі іздеген жан тыныштығын табады, ерекше көңіл күйге бөленеді! Балалар әлемі ең көңілді, ең шынайы әлем! Ал қоғам осындай тазалыққа құштар!

Құттықтаймыз!

16 Желтоқсан 2017

Құрметті отандастар, сіздерді еліміздің  әр азаматы үшін айтулы мереке – Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз! Бастарын бәйгеге тігіп, бостандыққа ұмтылған жалынды жастарымыздың ерліктері бүгінгі Тәуелсіз еліміздің жарқын істерімен жалғасын табуда. Қазақ жұрты алмағайып өтпелі кезеңнің барлық қиындықтарын жеңіп, әлемдік сахнаға көтерілді. Шыққан биігімізден төмендемей, көк туымыз желбіреп, Әнұранымыз шалықтап, мәртебеміз биіктеп, атақ-даңқымыз әлемге шарықтай берсін!

 

Құрметпен, Мемлекеттік Қуыршақ театры